Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев

Айдар Шәрібаев

АЙДАР ШӘРІБАЕВ: ӘКЕМНІҢ АРМАНЫН ОРЫНДАУҒА ТИІСПІН

Адам тағдыры қызық. Бір жол тұйықталып жатса, бір жол ашылып тұрады. Қазір жұрт назарын аудара бастаған боксшы Айдар Шәрібаев бір кезде спортқа қош айтып, несібесін басқа саладан іздей бастаған-ды. Бірақ тағдыр жолы боксқа қайта әкелді. Бұл жолы кәсіпқой бокстың әлемін ашыпты. Айдар аз уақытта жұдырығының салмақты екенін дәлелдеп үлгерді. Жақында …

толық оқу»

МАҚСАТ БІРЕУ БАҒЫТ АЙҚЫН

Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында КСРО- ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко мен белгілі кәсіпқой боксшы  Айдар Шәрібаев журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.  Алдымен сөз алған Виктор Леонидұлы еліміздегі кәсіпқой бокс  деңгейінің қарқынды түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Промоутерлік компаниялардың қатары  көбейіп, қазақ …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЖАНКҮЙЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиыны үшін АҚШ-қа қайта аттанады.  Боксшы өзінің кезекті сапарының алдында 15 маусым күні сағат 12:00-де Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында БАҚ өкілдерімен кездеседі. Бокс залы Мақатаев көшесіндегі 51-ші үйде орналасқан (3 қабат). Кездесуге Қазақстан кәсіпқой бокс …

толық оқу»

КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ АЙДАР ШӘРІБАЕВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

АҚШ-тың Майами қаласында үш айлық оқу жаттығу жиынын өткізген «Diamond Ring» боскшысы Айдар Шәрібаев бүгін елге оралды.   Алматы әуежайында боксшыны жақындары мен спорт пен шоу-бизнесте жүрген достары және БАҚ өкілдері күтіп алды. – Шыны керек, осылай құрмет көрсетіп күтіп алады деп ойлаған жоқ едім. Мен үшін бұл тосын сый …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

  Қазақстандық жас кəсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев (6-0-0, 5КО) қарсыласы Орландо Ризоны (Никарагуа, 19-9-0, 11КО) тізе бүктірді. Жеңіліс тауып көрмеген Айдар Шәрібаев Чикагода өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол никарагуалық боксшы Орландо Ризамен жұдырықтасты. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Шәрібаев осы раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алтыншы …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ АЛТЫНШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҮШІН ЧИКАГОҒА КЕЛДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің алтыншы айқасын өткізу үшін АҚШ-тың Чикаго қаласына келді. Оның алдағы қарсыласы никарагуалық панчер Орландо Ризо. Кәсіпқой бокста 2008 жылдан бері жүрген Орландо оңай шағылар жаңғақ емес. 32 жасар боксшының еншісінде 28 жекпе-жек бар. Оның 19-ында жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа түсірген. Бүгін боксшылардың салмақ …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ ЧЕМПИОНДЫҚ АТТАҚҚА ҚОЛ СОЗБАҚ

  Жас қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің келесі кездесуінде чемпиондық белдікке таласады. Кездесу 22 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласындағы үлкен бокс кешінде өтеді.  Қарсыласы да анықталып қойды. Жерлесіміз бұл жекпе-жекте америкалық Захария Рэмсимен жұдырықтасады. Қалың бокссүйер қауымға Зак Рэмси атымен танымал 27 жасар америкалық боксшы кәсіпқой бокста тоғыз айқас …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ: «АДАМ ІСТЕГЕНДІ — АДАМ ІСТЕЙДІ»

  Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев бір жаттығуда екі боксшымен спаррингтік жекпе-жек өткізді. Екеуінің де атақтарынан ат үркеді, екеуі де Олимпиада ойындарының чемпиондары.  Естеріңізге сала кетейік, өзінің соңғы айқасын наурыздың 17-сінде өткізіп, мексикалық Габино Готаны нокаутпен жеңген Айдар елге қайтуға асығар емес. Жақын уақытта «Diamond …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВ ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУДПЕН ЖЕҢДІ

  Американың Тампа қаласында қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев пен мексикалық панчер Габино Котой арасындағы жекпе-жек аяқталды. Қазақстандық боксшы кездесу басталысымен-ақ рингтің ортасында жүріп, бәрін бақылауда ұстады. Бесінші раундта Айдар қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Мексикалық боксшы реферидің есебіне дейін тұра алған жоқ. Бұл Шәрібаевтың кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі болатын. Төрт кездесуді …

толық оқу»

АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жеңіл салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы қазақстандық Айдар Шəрібаев (4-0-0, 3КО), өзінің бесінші кездесуін Майамиде, Флорида штатында (АҚШ) өткізеді. Кездесу 17 наурызда өтеді. 6 раундқа жоспарланған кездесуде Айдардың қарсаласы, 23 жасар мексикалық Габино Кота (19-7-1, 17KO) болмақ.  

толық оқу»