Басты бет / Без рубрики / ДАНИЯР ҚАСҚАРАУОВ: АЛМАТЫДА ӨТЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕК КЕШІН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ

ДАНИЯР ҚАСҚАРАУОВ: АЛМАТЫДА ӨТЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕК КЕШІН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ

 

Alash Pride клубының президенті Данияр Қасқарауов спорттық және ақпараттық ХАБ тілшісіне қыркүйектің 9-ы күні «Алматы Аренада» өтетін «ALASH PRIDE & ACB» турнирі туралы айтып, клубқа  және спортшыларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуі Арман «Сұңқар» Оспанов пен  бразилиялық  ТьягоСилва арасында болады.

Сонымен қатар, осы күні қазақстандық Бахтияр «Туркпен» Несипбек (ММА- 2-0-0 рекорды), Асу «Зульфикар» Алмабаев (ММА- 4-2-0 рекорды), Асылжан «Сак» Бахытжанұлы (ММА- 4-0-1 рекорды), Евгений «Метис» Егембердиев (ММА- 6-0-0 рекорды), Мурод «Азиатский медведь» Хантураев (ММА- 6-1-1 рекорды), Қаршыға «Беркут» Дауытбектер (ММА- 2-0-0 рекорды)  мықты қарсыластарға қарсы шығады.

— Мен үздік спортшылардың бірі Мурод Хантураевты ерекше атап өткім келеді. 4 жыл бұрын ол Арманмен бірге Санкт-Петербургте өткен жарысқа қатысып, жеңіске жеткен. Мурод Өзбекстанның тумасы болғанымен, біздің клубтың мүшесі. Әрине, одан жақсы нәтиже күтемін. Алайда, ол біраз уақыт  сегізбұрышқа шықпады, оған лайықты қарсылас іздеген болатынбыз. Жақында өтетін  жекпе-жек кешінде  үмітімізді ақтайды деген ойдамын, — деп атап өтті Данияр Қасқарауов.

Айта кетер жайт, Арман Оспанов  спорттық мансабында тоғыз аралас жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ол АҚШ-та әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеген әйгілі бапкер Грэг Джексонның қол астында жаттығады. Сонымен қатар, Арман Қазақстанның  еңбегі сіңірген  спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін  әлем және ТМД чемпионы. Соңғы жекпе-жегінде жапондық  ТаичиНакажиманы нокаутпен ойсырата ұтқан.

— Аталмыш кеш АСВ ресейлік ұйымының қолдауымен  Қазақстнда тұңғыш рет өтеді.АСВ қазіргі таңда, әлем бойынша үздіктердің қатарында. Тіпті, ең мықты UFC-дің спортшылары  бұл компаниямен келісімшартқа отырып, өйткен, олар ұйымның арқасында танымалдылық пен үлкен гонорарға ие болады. ОғанСанкт-Петербургте,АрманОспанов өнер көрсеткенде көзім жетті. Олардың деңгейі өте жағары, — деп атап өтті клуб президенті және ұйымдастырушысы.

Оның айтуынша, өткен жылы жаңа аренада Қанат Ислам өз бокс кешін ұйымдастырғанда, осы турнирді өткізу ойға келді. Содан соң, клуб президенті өз дегеніне жетіп, турнирге дайындықты бастады.

— ММА әуесқойларына ұмытылмас кеш сыйлағым келеді. Көптеген елдерден қонақтар келеді, менің ойымша, біз қызықты да тартысты кездесулердің куәгері боламыз. Қазіргі уақытта, осы турнирді жарнамалау бойынша жұмыс жүргізілуде. Билеттер сатылымға шықты, олардың бағасы 2000 теңгеден басталады. Қолжетімді баға деп ойлаймын. Келушілер керемет әсер алатынына сенімдімін, — деп жалғастырды ол.

Данияр Қасқарауов атап өткендей, Арман Оспанов үшін бұл туған елінде өтетін алғашқы турнир. Ол үшін лайықты қарсылас табу әрине, қиынға соқты. Басында келісімін беріп, кейіннен белгілі бір себептерге байланысты бас тартқандар да болды. Тіпті, кейбіреулері себебін де түсіндіре алмады.

— Оның қарсыласы 17 жекпе-жекті өткізген, джиу-джитсудан қара белбеу иегері. Өздеріңіз білетіндей, Бразилия – сан миллиондаған халық тұратын  ел, мұндай белбеуді жеңу оңай емес. Оның қоржынында 12 жеңіс, 11-і нокаутпен және 5-і ұпай саны бойыншааяқталған. Әлбетте, ол балуан ретінде әйгілі емес, бірақ, өте мықты. Ал Арманәлемге танымал, аты, даңқы шыққан спортшы. Осы жекпе-жекті жеңеді деген үміттеміз.  Басты мақсатымыз Арманның UFC ұйымының келісімшартына қол  жеткізу. Ол үшін оның барлық мүмкіндігі баршылық. Бұған дейін де онда ол ұйымда өнер көрсетуге болатынеді, алайда, допингке қатысты мәселелерге және көптеген жарақаттарға байланысты кейінге қалдырдық. Осы жекпе-жек көрсетер, — деп бөлісті  клуб президенті.

Сонымен қатар, ол Арман Оспановтың UFC-ге кіруі ережесіз жекпе-жектің  Қазақстанда даумына септігі мол деп атап өтті. Алаш Прайд клубының спортшылары, сондай-ақ, басқа да балуандар Армандай болуға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруға тырысатын болады. Қазір, олардың осы аренада шеберліктерін танытуға мүмкіндіктері баршылық. Мүмкін, жеңіске жеткен балуандар жекпе-жектен кейін АСВ-мен келісімшарқа отырып, олармен жұмыс жасайды.

— Балалар мен спортшылардың осы спорт түріне  деген қызығушылығы бар. Біз балаларға арналған академия ашып, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін боламыз. Бізге спортшыларымыздың деңгейін көтеру қажет. Көбісі шет елдерде айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерді. Әрине, осы спорт түрімен шұғылданатын жас спортшылар көп, алайда, біз бұқаралыққа емес, нәтижеге жұмыс істейміз, — дейді Данияр Қасқарауов.

Әңгімесін жалғастыра отырып, клуб президенті Қайрат Ахметовтың жеңілісінің себебін де сөзге тиек етті.

— Ия! Қайрат жеңілді. Соңғы Макаода өткен жекпе-жек алдында, Индонезияда кездесуге шығуы тиіс еді, алайда, оның осы турнирге дайындалып жүргеніне қарамастан, соңғы сәтте, турнирден шектетті. Осы жағдай да әсер еткен болар. Сонымен қатар, ол жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін жекпе-жекке шыққаны да соңғы турнир кезінде байқалды. Бірінші раундтың өзінде оның біраз шаршағаны сезілді. Мен кездесудің соңына дейін шыдай алмайды деп ойлағанмын, алайда, ол төтеп бере алды. Осыдан кейін, Алматыдағы турнирге шақырғанмын, бірақ, ол басқа келісімшарттықабылдап қойыпты. Ол бір аптадан соң, қыркүйектің 16-ы күні, Индонезияда өтетін чемпионатта филиппинмен жекпе-жекке шығады. Филиппин командасы Азия бойынша үздіктер қатарында. Айта кетер жайт, бұл турнирдің қыркүйектің 9-ы күні өтетінінің бірден-бір себебі де сол. Осы уақытта, Қанат Исламның Астанада кездесуі өтетінін білдік, алайда, басқа күндері «Алматы арена» бос емес, онымен қоса, біздің де уақытымыз тығыз. Енді, турнирдің өткізу күнін өзгерту мүмкін емес. Біз Қанатқа сәттілік тілейміз.

Әңгімеміздің соңында ол Алматы қаласы әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, барлығын дүбірлі додаға, көптен-күткен жекпе-жекке,сонымен қатар, еліміздің спортшыларын қолдауға шақырды.

Айта кетер жайт, бұл халықаралық турнирде балуандар негізгі гонорардан бөлек, номинациялар бойынша қосымша сыйақыменмарапатталады.

Сондай-ақ

ҮШ ДҮРКІН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ — БЕЙБІТ ЫСТЫБАЕВ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев спорттағы …