Басты бет / Бокс / ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВҚА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВҚА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Германия және Қытай мемлекеттерінде өткен Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлерімен кездесті. Облыс әкімі айтулы  жарыстарда жүлдеге ие болған  Қамшыбек Қоңқабаевқа автокөліктің, Рүстем Сыбайға 2 млн теңгенің, ал олардың бапкерлеріне 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.

Гамбургте 25 тамыз — 2 қыркүйек аралығында бокстан  өткен ХІХ Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдені олжалап, жалпы командалық есепте 3-ші орынды иеленген болатын. Жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев күміс медальдің иегері атанды.

Рүстем Сыбай да 20-27 тамыз аралығында Қытайдың Тайбэй қаласында өткен 29-шы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада екінші орынды жеңіп алды. Облыс әкімі спортшыларды жүлделерімен құттықтап,  келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Азия және 2020 жылы Токиода болатын Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.

Спортшылар өз кезегінде сайыстан алған әсерлерімен бөлісіп, барша тілеулестеріне алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында — 563 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында – 53 медаль иеленді. Еліміздің Ұлттық құрама командасына облыстан 420 спортшы енді.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ КОМАНДАСЫ КЕЛЛ БРУКПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЙЫН

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) командасы жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы …