Басты бет / Басқа түрлер / «АЛМАТЫ ТУРЫ — 2017» ВЕЛОЖАРЫСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«АЛМАТЫ ТУРЫ — 2017» ВЕЛОЖАРЫСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Көптен күткен халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарыс «Алматы Туры» осы күздің ең басты  оқиғаларының бірі болмақ. Аталмыш шара осы жылы Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) регламентіне сәйкес, алғаш рет көпкүндік тасжолдағы веложарыс атағына ие болды, деп хабарлайды ақпараттық спорттық ХАБ.

2013 жылы бастау алған «Алматы Туры» веложарысын ұйымдастыру деңгейі жоғарлады. Біркүндік «1.2» санатты веложарыс болғандықтан, кәсіби командалар қатыса алмаған. Алайда, енді, UCI келісімімен «Алматы Турының» 2014 жылы «1.1» кәсіби веложарыс мәртебесін иеленгені, қатысушылар санын біршама арттырды. Біркүндік халықаралық жарыстың мәртебесін көтеру оңай емес, мұндай үдеріс біршама уақытты қажет етеді, оны қарастыру бірнеше немесе ондаған жылдар уақытты алуы мүмкін. Біз көпкүндік тасжолдағы веложарыс мәртебесін 4 жылдан кейін иелендік, яғни Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) біздің велоспорттағы бағытымызды жоғары бағалады.

Осы жылы мерейтойлық бесінші халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарыс «Алматы Туры» екі кезең бойынша өтеді – қыркүйектің 30-ы  және  қазанның 1-і. Қатысушылар жалпы 331,7 км қашықтықты бағындырытын болады. «Алматы Турының» бірінші кезеңі ҚБТУ ғимаратының маңында басталады. Қатысушылар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай және Желтоқсан көшелерінен «қалалық айналым» өтіп, «Алматы Арена» маңында мәреге жетеді. Екінші кезеңінде  велошабандоздар  «Халық Арена» ғимаратының маңында бастап, «ВОАД-Әл-Фараби»,  Тұңғыш Президент саябағы бойымен өтіп, «Медеу» мұз айдынында  қатысушылар  велобәйгені аяқтады.

Биыл велододаға 20 команда тіркелген,  өткен жылмен салыстырғанда, 6 командаға  артқан.  Осы жылы да дәстүр бойынша  «Алматы  Турыға» қазақстандық кәсіби команда «Astana Pro Team» қатысады. Оның құрамындағы «Алматы Турының» үш дүркін жеңімпазы Алексей Луценко да ел намысын қорғайтын болады. осы беделді. Жерлесіміз  Испанияда жақсы нәтижелер көрсеткен соң, күш жинап, айтулы додаға шет елдерде дайындығын жалғастыруда. Tourofalmaty.kz сайтына берген сұхбатында Алексей келесідей атап өтті:

— «Алматы Турын» үш мәрте жеңу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл Қазақстанда, Алматыда, өз жерімде өтетін веложарыс, сондықтан да маған артар үміт, жауапкершілік көп. Сондай-ақ, мен үшін бұл  веложарыс  маусым бойы өтетін  ең сүйікті жарысым болып табылады.

Айта кетер жайт, «Алматы Туры» қыркүйектің 28-і  күні велоспорт жанкүйерлеріне және әуесқойларына арналған спринтерлік жарыс,  AstanaProTeam  велошабандоздарымен автограф-сессиясы және түрлі сайыстар бейресми басталады. Ал  қыркүйектің 29-ы  күні командаларды таныстыру рәсімі және веложарыс қатысушыларының ашық жаттығуы өтеді.

«Алматы Туры-2017»  спортшыларды  ерекшелендіретін екі жаңа бірдей жейдеде ұсынады – «таулы» жейде және «үздік қазақстандық велошабандоз» жейдесі.

Eurosport телеарнасы дәстүр бойынша «Алматы Турын» бір жарым сағат жарыс мәресі мен марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді.  Сонымен қатар, командаларды таныстыру рәсімі мен бірінші кезеңнің үздік сәттерін көрермендер назарына ұсынатын болады.

«Алматы Туры» туралы қосымша мәліметті http://tourofalmaty.kz/ru/ ресми сайтынан таба аласыздар.

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …