Фристайл

ЖАНБОТА АЛДАБЕРГЕНОВА ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатика спортынан Еуропа кубогы өтуде. Жарыстың алғашқы күні отандасымыз Жанбота Алдабергенова жекелей сында чемпион атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Америка мен Украина спортшылары иеленді. Тағы бір отандасымыз Маржан Ақжігіт төртінші орынды қанағат тұтты. Қалмұрзаева Ақмаржан жетінші, Жолдас Аяна оныншы орындарда. Естеріңізге сала кетейік, Жанбота Алдабергенова былтырғы …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Испанияның Сьерра-Невада таулы аймағында фристайлдан Әлем чемпионаты жалғасуда. Юлия Галышева параллельді могул бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді Бүгін қазақстандық Юлия Галышева параллельді могул бойынша күміс жүлдеге ие болды. Алтын жүлдені франциялық Перрин Лафо, қола медальді америкалық спортшы Джаелин Кауф еншіледі. Бұл — 24 жастағы Юлия үшін Әлем чемпионаттарындағы екінші …

толық оқу»

ФРИСТАЙЛ МОГУЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

  Испанияның Сьерра-Невада таулы аймағында фристайлдан Әлем чемпионаты өтуде. 8 наурыз күні могулшілер сынға түсті. Соңғы Универсиада мен Азиаданың нәтижесін ескере отырып, спортшыларымыздан үлкен үміт күткеніміз рас. Әйелдер арасында Юлия Галышева 360,00 ұпаймен жетінші орын иеленді. Бұл сында Аустиялық С.Бриттени жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Амренова Аяулым 24-ші орыннан көрінді. …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ

Жапонияның Саппоро қаласында қысқы Азиада ойындары жалғасуда. Бүгін жарыс жолына фристайл-могулшілер шықты. Әйелдер жұптық могулде бақтарын сынады. Отандасымыз Юлия Галышева барлық қарсыластарын артқа тастап, жарыс чемпионы атанды. Ол жарысқа қатысушылар арасында ең жоғары ұпай сандарын иеленіп отыр. Бұл Қазақстанның бесінші алтын медальі.

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

  Саппородағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді Дмитрий Рейхерд салды. Қазақстандық фристайлшы параллельді могул сынында үшінші нәтиже көрсетті. Универсиада ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, әлем кубоктарының жүлдегері бұл жолы Азия құрлығының қоласын қанағат тұтып отыр.

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

  Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы фристайлдан үздігі Юлия Галышева бүгін Жапонияның Тазавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы күміс жүлдені параллелді могулден жеңіп алды. Бұл Юлия Галышеваның биылғы әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жетістігі. Галышева тек америкалық Джейлин Кофқа есе жіберді. Қола жүлде тағы бір …

толық оқу»

ФРИСТАЙЛШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Беларусь елінде қысқы спорттың аптасы өтіп жатқандай. Бұл жолы Минске фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы өтуде. Ақтық еуропа кубогында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Белоруссия 1 (235,05 ұпай) құрамасы чемпион атанды. Ал осы елдің екінші командасы 223,16 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Біздің құраманың еншісінде 201,25 ұпаймен үшінші орын. Жарысқа қатысқан мықты құраманың бірі …

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС АЛДЫ

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Кореяның Пхенчхан қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде екінші орын алды. Рейхер 86.70 нәтижесімен екінші сатыға орналасқан. Ол канадалық Майкл Кингсбериден 0,01 ұпайға қалып қойды. Үшінші орынды тағы бір канадалық Филипп Марки (85.94) алды. Фристайл. Әлем кубогы. Пхенчхан (Корея) Ерлер. Могул. 1. Майкл Кингсбери (Канада) — 86.71 2. Дмитрий Рейхерд …

толық оқу»

ЖАНБОТА АЛДАБЕРГЕНОВА ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОҒЫЗЫНШЫ ОРЫН АЛДЫ

Ақпанның 10-ы күні фристайл-акробатика спортынан Кореяның Каннын қаласындағы Бугван Фёникс Паркта әлем кубогының кезеңі өтті. Универсиада ойындары аяқталысымен ұлттық құрама әлем кубогына аттанған болатын. Бұл жолы қатты соққан желдің әсерінен жоғары нәтиже көрсетудің реті болмады. Құрамадағы ең үздік нәтижені Жанбота Алдабергенова көрсетті. Универсиада чемпионы 69,61 ұпай жинап, жалпы есепте тоғызыншы …

толық оқу»

ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНА АТТАНДЫ

  Универсиада ойындарында Қазақстандық фристайл-акробатшылар өздерінің бәсекеге қабілетті екендерін дәлелдей алды. 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген спортшыларымыз бұнымен тоқтап қалмақ ниетте емес. Ұлттық құрама Универсиада ойындарындағы сайыстарын аяқтай салысымен Корея еліне жол тартты. Ертең, ақпанның 10-ы күні  Бугван Фёникс Паркта әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл сайыстарға …

толық оқу»