Басты бет / Басқа түрлер / АКАДЕМИЯ КУБОГЫ: ҮШІНШІ КЕЗЕҢНІҢ МЫҚТЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АКАДЕМИЯ КУБОГЫ: ҮШІНШІ КЕЗЕҢНІҢ МЫҚТЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматының «Нұртау» гольф клубында гольфтан 5-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында академия кубогінің үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарысқа барлық жеткіншектер қатысуға мүмкіндік алды. Солардың қатарында, арнайы бағдарламамен тегін гольфпен шұғылданатындар да болды. 11 ұл мен қыз жарысқа қатысып үш станциядан тұратын тесттік жарыстардан сынға түсті. Біріншісі, драйвинг рендж, екіншісі қысқа қашықтықта доп соғу — чипы болса, үшіншісі, паты. Осы кезеңдердің нәтижесі бойынша, көп ұпай санын жинаған балалар жүлделі орындарды иеленеді. Олардың қатарында Жалғас Молдабаев, Лунара Қадыр және Асылхан Мейрханов үздік атанса, жасы жоғары топта өнер көрсеткен Арина Махотина, Дина Бөкенова, Диана Зұлпықарлар жүлделері орындардан көрінді.

— Мен бүгін өзімнің алтыншы медалімді ұтып алдым. Маған гольф ойнаған ұнайды. Сәуір айынан қатысып келемін. Осы уақыт аралығында көп нәрсені үйрендім, алда әлі талай жеңістерге жетемін деген ойдамын, — деді Жалгас Молдабаев.

Сонымен қатар, олардан бөлек тәжірибиелі гольфшылар да жарыс жолына шыққан болатын. Иманали Рамазанов пен Рудар Айтуар9 лунканыекі мәрте өтіп болған сон ғанажүлдеге ие болып 1 мен 2-ші орынды бөліп алса, соңғы қатысушылар 3 лунканы, яғни 1,5 қашықтықты  жүріп өтіп, жарысты қорытындылады. Үздіктерқатарында Асия Рамазанова мен Шакира Агаева болды.

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45,17:00 өтеді.

Қазіргі танда гольфпен ойнап үйренген балалардың саны 300-ден асқан.

Сондай-ақ

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ЖАПОН БАЛУАНЫНЫҢ МОЙНЫН ҮЗГЕН ВИДЕОСЫ

Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды  Бұл туралы Caravan.kz …