Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ГАНДБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫДА ГАНДБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Алматының «Достық» спорт кешеніңде гандболдан ҚР чемпионатының екінші туры аясында қыздар арасындағы жоғары және суперлига командалардың екінші және үшінші ойындары өтті.  

Жоғары лигада өнер көрестіп жүрген алматылық ұжым «Север» командасымен жолығып, 36:23 есебімен басым түсті. Өте тартысты әрі қызықты өткен ойынға жиналған жанкүйерлер алматылықтардың қуаныштарымен ортақтасты.

Сонымен қатар, суперлигада өткен ойындар да ел назарынан тыс қалмады. «Алматы» мен «Астана» командасы бірінші болып бастаған ойында 50 гол соғылып, көптеген нәтижесіз сәттер де аз болмады. Арсен Бердібековтың шәкірттері 33:17 есебімен астаналықтарды ұтып осы турдағы екінші жеңісіне кол жеткізіп, алға шықты. Бірінші өткен кездесуде алаң қожайындары «Алтай» клубын ұтқан болатын.

— Барлық ойыншыларым нәтижелі ойындар көрсетуде. Олар жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, менің нұсқауларымды орындап жүр. Мен ризамын. Алда қиын ойындар күтіп тұр. Барлығын ұту керек деген мақсат қойдық. Биыл да жеңіске жетуіміз керек, — деді «Алматы» ГК бапкері Арсен Бердібеков.

Сонымен қатар, Арсен Бердібеков жоғары лигаға қатысып жүрген жас қыздардан да үміті зор екендігін айтып өтті. Себебі оларды білікті мамандар дайындап, барлығы да келешекте жақсы ойыншы болатындығына сенімді.

Айта кетер жайт, осы мауысымда жоғары лигада 11, ал суперлигада 6 қыздар командасы өнер көрсетуде. Ел чемпионатының екінші туры осы сенбі күні 21-ші қазан күні аяқталады.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …