Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Қазанның айының 21- күні «Halyk Arena»көпфункционалды мұз кешеніндеерлер, әйелдер, жасөспірімдер, жастар, және қыздар арасындағы Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ел бірінішілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэшілер қатысады.  Жарыста Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынайды.

Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі сағат 12:00-де өтеді. Жарыс 9:00 басталады.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы.

Сондай-ақ

«БАРСЕЛОНА» «КАМП НОУДА» «МАЛАГАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания біріншілігінің 9-шы кезеңі аясында өткен ойында, «Каталондықтар» өз алаңында «Малаганы» ешқандай қиындықсыз жеңді. «Барселона» …