Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / АБУЖАКЫНОВА АБИБА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

АБУЖАКЫНОВА АБИБА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

18-22 қазан аралығында Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бүгін дүбірлі доданың алғашқы күні мәресіне жетті.

Биылғы әлем біріншілігіне Жапония, Ресей және Қазақстан құрамалары ғана толық құрамда қатысып отыр (10 ұл, 10 қыз).

44 келі салмақта Абужакынова Абиба күміс жүлдегер атанды. Абиба іріктеу кезеңінде Хорватия, Ресей және Бельгия елдерінің спортшыларын ұтты. Жартылай финалда Бразилиялық Феррейра Лаураны ұтты. Өкінішке орай финалда Жапон елінің балуанына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

Ұлдар арасында 55 келі салмақта биылғы жылғы Азия чемпионы Нарбаев Бауыржан қола жүлдегер атанды. Ол іріктеу сайыстарында Колумбия, Солтүстік Корея және Ресей балуандарын ұтты. Жартылай финалда Грузиялық Папинашвили Жабаға ұтылып қалды. Ал қола үшін таласта жерлесіміз, Болатбеков Дамирді ұтты.

Жарыстың алғашқы күнгі нәтижесі бойынша Жапон балуандары екі, Грузия мен Голландия балуандары бір-бір алтын медальдан еншіледі.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …