Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / АСТАНАДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

АСТАНАДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

7-9 желтоқсан аралығында Джиу-джитсу спортынан Халықаралық рейтингтік турнир өтеді. 

«Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi» — турнирі Астана қаласында ұйымдастырылады. Бұл екінші рет өтейін деп тұрған елімздегі ең ірі джиу-джитсу бәсекесі. Бұдан бұрын қаңтар айының 27-29 аралғында бірінші турнир ұйымдастырылды.

Бұл сайыстарда жеңіске жеткен спортшыларды «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2018» турнирі күтіп тұр. Әлем біріншілігіне жолдама сарапқа салынатын додаға тіркелу рәсімі  өтуде. https://events.uaejjf.org/event/73 — сілтемесіне өтіп, сіз де  Джиу-джитсу спортынан Халықаралық турнирге қатыса аласыз.

Жарыс ұйымдастырушылары: ҚР ДЖиу-джитсу қауымдастығы және ҚР Бразилиялық джиу-джитсу мен грепплинг федерациясы. Сайысқа 2007 жыл мен одан жоғары жастағы спортшылар қатыса алады. 

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …