Басты бет / Әлем / «ӘЧ-2018» ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰРАМАЛАР ҮШІН ЕЛЕКТІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

«ӘЧ-2018» ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰРАМАЛАР ҮШІН ЕЛЕКТІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

2018-шы жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама ала алмай қалған еуропалық құрамалар үшін, електік ойындардың жеребесі тартылды.

Жеребе нәтижесі бойынша 8 құрама төрт жұпқа бөлінді. Екі ойыннан тұратын теке-тірестің жеңімпаздары әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Електік ойындардың жеребесі және өтетітін күндері мен уақыттары:

Солтүстік Ирландия – Швейцария — бірінші ойын 10-шы қараша күні, сағат 01:45-те (Астана уақыты); Ал, қарымта кездесу ойыны 12-ші қараша күні, сағат 23:00-де басталады.

Хорватия – Грекия — 10-шы қараша күні, сағат 01:45-те; 13-ші қараша күні, сағат 01:45-те.

Дания – Ирландия — 13-ші қараша күні, сағат 01:45-те; 15-ші қараша күні, сағат 01:45-те.

Швеция – Италия — 11-ші қараша күні, сағат 01:45-те; 14-ші қараша күні, сағат 01:45-те.

Алғашқы тұрған құрамалар екі ойыннан тұратын кездесуді өздерінің алаңдарынан бастайтын болады.

Төрт жұптың жеңімпаздары финалдық кезеңге өткен 10 құрамамен және ӘЧ-ның қожайынымен, еуропалық аймақтың өкілдері ретінде әлем чемпионаты 2018-ге қатысады.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …