Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазанның 22-і күні  алып шаһарда  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында биылғы велошеру маусымының жабылуы өтеді, — деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

 Таңғы сағат  08:30-да велошеру қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның  нөмірлерін  алып, одан кейін 8 шақырым қашықтықты жүріп өтетін болады. Осы велошерудің бағыты Сейфуллин, Сәтпаев, Байзақов, Абая және  Желтоқсан көшелері. Ал спорттық шараның  мәресі   жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған Астана алаңында  болады.

Мәреде қатысушылардың арасында көптеген бағалы сыйлықтар,10 велосипед ойнатылып, концерттік бағдарлама ұымдастырылады.  Сонымен қатар, мәреге келген  бірінші келген 600 әуесқойға    медалдар  табысталады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

 Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің соңғысыболып саналады. Осы велошеру «Hawaii»аквапаркі, «Fuse tea» және «Bon aqua» компанияларының демеушілігімен өтеді.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ

«БАРСЕЛОНА» «КАМП НОУДА» «МАЛАГАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания біріншілігінің 9-шы кезеңі аясында өткен ойында, «Каталондықтар» өз алаңында «Малаганы» ешқандай қиындықсыз жеңді. «Барселона» …