Басты бет / Бокс / Әйелдер боксы / «ТАҚТАР ОЙЫНЫНДА» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ОЙНАУЫ МҮМКІН

«ТАҚТАР ОЙЫНЫНДА» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ОЙНАУЫ МҮМКІН

Қазақстан кәсіпқой боксындағы алғашқы қыз Фируза Шарипова»Тақтар ойыны» — атақты сериалының сегізінші кезеңінде ойнауы мүмкін.

Әлемге танымал сериал түсірушілері 23 жасар боксшы қызды «королева Дейнеристің» күзетшісі рөлінде көргілері келетінін айтқан.

«Тақтар ойынының» сегізінші маусымы осы жылдың аяғы мен келер жылдың басында түсіріледі. Спортшының келісімін алу үшін сериал құрастырушылары кейбір эпизодтарды өзгерткенін айтады. Осыдан бұрын да Фируза Шарипованың бұл атақты сериалға түсуі мүмкін деген сыбыстар болған. Бірақ ол кезде тығыз спорттық графигіне байланысты  Голливудтан бас тартуына тура келген.

Дәл қазіргі уақытта Фируза 17 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін өзінің титулық кездесуіне дайындалу үстінде.

express-k.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …