Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АРМАН ОСПАНОВ АСВ 77 ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

АРМАН ОСПАНОВ АСВ 77 ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

 

АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыздың соңғы кездесуі кіммен және қайда өтетіні белгілі болды. «Сұңқар» 23 желтоқсан күні АСВ 77 турнирінде Алексей Полпудниковке қарсы жекпе-жек, яғни, реванш кездесу өткізетін болды.

Бұл турнирдің басты кездесуі Оспановтың салмағындағы чемпион Марат Балаев пен осы салмақтың рейтингінде бірінші орында тұрған Юсуф Раисов арасында өтеді. Бұл турнир Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өтеді.

Арман Оспанов пен Алексей Полпудников 2013 жылы League S-70 турнирінде кездесіп, отандасымыз ресейлік спортшыны 1 раундта нокаутпен жеңген болатын. Дегенмен Алексей соңғы 12 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жеткен.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …