Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ДИДАР ХАМЗА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ДИДАР ХАМЗА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда.

Жарыстың екінші күні Дидар Хамза қола жүлдегер атанды. 73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз 60 спортшының ішінен үздік үштіктен көріне алды.

Олимпиада ойындарының қатысушысы алты кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Румыния, Өзбекстан және Тәжікстан балуандыран ұтқанымен, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Әзірбайжан спортшысына есе жіберді. Дидар жұбаныш кездесуде Молдавалық спортшыны ұтып, қола жүлде үшін таласта Украиналықты тізе бүктірді.

Осылайша екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасында 1 күміс және 2 қола медаль бар.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …