Басты бет / Кәсіпқой бокс / КӘСІПҚОЙ БОКСТА 5 ЖЫЛ ЖҮРГЕН ҚАНАТ ИСЛАМ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІ?

КӘСІПҚОЙ БОКСТА 5 ЖЫЛ ЖҮРГЕН ҚАНАТ ИСЛАМ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІ?

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның кәсіпқой бокста жүргеніне 5 жыл толды. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2012 жылы өткізген болатын.

Қанат Ислам дебюттық жекпе-жегін 2012 жылы 28 қыркүйекте Доминикан Республикасында Дэниел Битоға қарсы өткізді. Дәл сол жылы боксшы қатарынан 8 жекпе-жек өткізіп, 8 кездесуінде бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) тұжырымы бойынша Кариб аймағы чемпионы атанды.

2013 жылы 29 қараша. Қанат Ислам колумбиялық Эмилио Хулио Хулионы нокаутқа жіберіп, WBA тұжырымы бойынша Латын аймағы чемпионы титулын жеңіп алды.

2016 жылы 29 қазан. Қанат өз отаны қазақстанда алғаш рет жекпе-жек өткізіп, кәсіби мансабында алғаш рет 12 раунд бойы жұдырықтасты. Сондай-ақ, WBA Fedelatin белдігін сәтті қорғап, WBO тұжырымы бойынша континентаралық (WBO Inter-Continental Title) чемпиондық атағына ие болды.

2017 жылы 26 мамыр. Отандасымыз мексикалық Норберто Гонсалесты төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Inter-Continental және WBO NABO титулын иеленді.

2017 жылы 9 қыркүйек. Қанат Ислам ЭКСПО аясында Астана қаласында өзінің чемпиондық атақтарын қорғады. Боксшы канадалық Брэндон Кукты 9-раундта нокаутқа тұсіріп, әлемдік рейтингте бірінші орта салмақты ТОП-15 қатарынан көрінді.

Бұл күнде Қанат Ислам өз салмағында WBA рейтингінде (Қыркүйек) 2 орында, қазан айындағы WBO және WBC жаңартылған рейтнгінде 3 және 10 орында, IBF және IBO тұжырымдарының қыркүйек айындағы рейтингінде 3 және 8 орында. Сонымен қатар, ол BoxRec порталында тіркелген 1852 бірінші орта салмақтың боксшылары қатарында 125 ұпаймен 13 орынға жайғасты.

Қанат Ислам IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джарретт Хердпен келесі жылы жұдырықтасуы мүмкін. Сондай-ақ, Қанат WBA және WBO тұжырымындағы рейтингіне байланысты осы ұйымның әлем чемпионыдарының міндетті қарсыласы атануы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сондай-ақ

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» МӘСКЕУДЕ БӘРІ БАСҚАША БОЛМАҚ

Қазақ боксшылары рингке көтерілгенде бірнеше рет «Көк тудың желбірегені» әнін еститінмін. Содан боксшылар шабыт алып, …