Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫДА ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде ересектер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Қазақстан чемпионаты өтті.

Алматы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстаннан келген қырыққа жуық спортшысы жарыс жолына шықты. Айта кетсек, бұл додаға ұлдар да, қыздар да қатысты. Олар шаңғымен тұғырдан секіруден (К-95) және шаңғы қоссайысынан (К-125 гундерсон 10 км.) өзара мықтыны анықтады. Шаңғымен тұғырдан секіруден 242 ұпаймен Сергей Ткаченко алтынан алқа тақса, Марат Жапаров күміспен күптелді. Ал Илья Кратов қоланы қанағат тұтты.

— Менің ойымша, бүгінгі нәтижелерім жаман емес, алайда бұдан да жақсы өнер көрсетуге болар еді. Енді, жұмыс жасайтын боламын. Жалпы, өзім біздің «Сұңқар» xалықаралық трамплиндер кешенінде жаттығамын. Үш жыл бұрын, Санкт-Петербург қаласында өткен байрақты бәйгенің қола жүлдегері атандым. Бүгінгі жарыс жоғарғы деңгейде өтті, — деп бөлісті алматылық спортшы Глеб Сафонов.

Ұлдармен қатар, алты ару сынға түсті. Олардың ішінде 204,5 ұпаймен барлығынан басым түскен Валентина Сдержикова. Ал ұпай айырмасы айтарлықтай көп емес, 196 ұпаймен Вероника Шишкина екінші орынды иеленсе, Алина Тухтаева (140.8 ұпай) үздік үштікті қорытындылады.

— Жақында ғана әлемдік деңгейдегі шаңғымен тұғырдан секіруден маусым өз мәресіне жетті. Біз Норвегия елінің Транхейн қаласында осы спорт түрінен құрлықаралық Кубокта өнер көрсеттік. Біз он сегізінші орынға іліндік, ең бастысы әлемнің үздік отыз ұжымының қатарындамыз. Осылайша, Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңуге мүмкіндікміз бар, — деп атап өтті жарыс жеңімпазы Валентина Сдержикова.

Сонымен қатар, шаңғы қоссайысынан Шынғыс Ракпаров (17,47 мин.) бірінші орынға жайғаса, Эльдар Орусаев екінші орынды иеленді. Ал Данил Глухов үшінші орынды қанағат тұтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде аталмыш спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты балалар арасында өткен болатын.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …