Басты бет / Басқа түрлер / ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті бұқаралық спортты дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық алаңдар тұрғызуды қолға алғанын жазған болатынбыз. Бұл жолы Көкшетау, Қарағанды және Орал қалаларында жаңа алаңдар бой көтерді.

Арнайы «street workout» алаңдары ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба. Тимур Құлыбаев бүгінде Қазақстан бойынша 40 спорттық алаңды өз қаржысына тұрғызды. Бұл қарапайым халықтың спортпен айналысуына бағытталған жұмыстардың бірі.

Дәл қазіргі уақытта жоғарыда атап өткен қалалардан өзге Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен және Шымкентте алаңдар бой көтерді. Келесі кезекте Қызылорда мен Тараз қалалары тұр. Жыл соңына дейін бұл тізім көбейе бермек. Алаңдарда түрлі 20-дан астам дене бұлшық еттерін жаттықтыратын арнайы «street workout» снарядтары орналасқан.

Алаңдар халық көп жүретін жерлерде, қала орталықтарында бой көтерген. Мысалы Орал қаласындағы жаңа алаң елдің сүйікті жеріне айналған орталық «Арбатта» салынды.

Елімізде  «Street workout»-пен айналысушылар саны былтырмен салыстырығанда  45%-ға өскен және 100,000 адамға жуықтап қалды. Жаңа алаңдар тек қана кәсіпқойларға ғана емес, кез-келген тұрғындарға арналған таптырмайтын жаттығу алаңы болмақ.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОЛЫН ОҢТАЙЛАНДЫРМАҚ

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен олимпиадалық спорт түрлері ұлттық федерация басшыларының жиыны …