Басты бет / Басқа түрлер / ТРИАТЛОНШЫ АЯН БЕЙСЕНБАЕВ ЧЕХИЯДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ТРИАТЛОНШЫ АЯН БЕЙСЕНБАЕВ ЧЕХИЯДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Чехия елінің Карловы Вары қаласында триатлон спортынан ашық Чехия чемпионаты өтті. Оған қазақстандық  он спортшы қатысты.

Триатлон сайысы 700 метрге жүзу, 5 км-ге жүгіру және 20 км-ге созылған веложарыс аясында өтеді. Еліміз атынан сынға түскен Ақмола облысының спортшылары.

Чехия елінің ашық біріншілігіне 155 спортшы қатысты. Отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол күміс жүлдегерден бар болғаны 30 секундқа қалып қойды — 58 мин. 47 сек.

Спортшылардың жаттықтырушысы Юрий Соловьев Чехиядағы нәтижеге риза екенін жеткізді. Аян еңбекқор және уақытынын көбін жаттығуға жұмсайды. Алда ірі турнирлерде үздіктер қатарынан көріну үшін әлі де жұмыстанатындарын айтты.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОЛЫН ОҢТАЙЛАНДЫРМАҚ

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен олимпиадалық спорт түрлері ұлттық федерация басшыларының жиыны …