Басты бет / Басқа түрлер / «АЛМАТЫ ТУРЫ — 2017» ЕКІ КҮНГЕ СОЗЫЛЫП, МЕДЕУДЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТЕДІ

«АЛМАТЫ ТУРЫ — 2017» ЕКІ КҮНГЕ СОЗЫЛЫП, МЕДЕУДЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТЕДІ

Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 1-і күндері аралығында дәстүрлі бесінші халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарыс «Алматы туры» өтеді. Осы жылы аталмыш шара Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) регламентіне сәйкес, көпкүндік тасжолдағы веложарыс атағына ие болды.

«Алматы туры»2013 жылыбастау алған. Біркүндік «1.2» санатты веложарыс болғандықтан, кәсіби командалар қатыса алмаған. Алайда, енді, UCI келісімімен «Алматы турының»«1.1» кәсіби веложарыс мәртебесін иеленгені, қатысушылар санын біршама арттырды.

«Төрт жыл бойы біз қала Әкімдігінің, Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен «Алматы турын» ұйымдастыру үшін аянбай еңбек еттік.  Оларға деген алғысым шексіз, біз бірлесе отырып, сапалы, халықаралық спорттық жобаны іске қостық. Өткен жылғы веложарыс жоғарғы деңгейде өтті. Біз шара ауқымын, ұйымдастыру жағын бағалай отырып, аталмыш шараны жаңа деңгейге көтеруді ұйғардық. Мұндайды өткен жылы да ойластырғанбыз, алайда, қазір ғана іске асыра алдық. Менің ойымша, дәл осы бесінші мерейтойлық жарыстың жаңа деңгейге көтерілгені жақсы белгі сияқты. Алматы велоспорты қарқынды дамыған қала, сондықтан, алып шаһар үшін бұл спорттық оқиға екі есе айрықша болатынына сенімдімін»-деп атап өтті Қазақстан велоспорт федерациясыныңвице-президенті Аманбек Кульчиков.

Сонымен қатар, оның айтуынша, біркүндік халықаралық жарыстың мәртебесін көтеру оңай емес, мұндай үдеріс біршама уақытты қажет етеді, оны қарастыру бірнеше немесе ондаған жылдар уақытты алуы мүмкін:

«Біз төрт жыл бойы бағытты өзгертпегеніміз үшін біраз сынға түскен болатынбыз. Бірақ, велоспортта хабары адамдар «Алматы туры» сияқты жарыстың деңгейі 2-3 жылда өзгермейді, ондаған жылдарды қажет ететінін біледі. Біз көпкүндік тасжолдағы веложарыс мәртебесін 4 жылдан кейін иелендік, яғни Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) біздің велоспорттағы бағытымызды жоғары бағалады. Қазақстанда Азия бойынша жалғыз кәсіби команда бар,біз әлемдік Гранд-турларда бақ сынасамыз, ал елімізде жеткізуге мүмкіндік берді.

«Алматы туры-2017» екі кезеңде өтеді. Егер, бұған дейін халықаралық веложарыс «критериум» форматында өткен болса, яғни, қатысушылар қай жерден бастаса, сол жерден аяқтайды, айналмалы бағытты бірнеше рет жүріп өтеді, ал осы жылы велосипедшілер сөреден мәреге дейінгі қашықтықты, жүздеген километр қалалық жолды қамтитын болады. Айта кетер жайт, жарыс тасжолы түрлі болады: доданың басым бөлігі тегіс асфальтталған Алматының көшелерінде өтеді. Ал жарыстың мәресіне жету үшін қатысушылар таулы аймақты, «Медеу» биіктаудағы мұздайдынының маңын жүріп өтеді, бұл таулы аймақтарда жарысқанды ұнататын велошабандоздар  үшін өз «сұрапылын» сезінуге мүмкіндік береді.

«Алматы турының» бірінші кезеңі ҚБТУ ғимаратының маңында басталады. Қатысушылар Төле би, Фурманова, Сатпаева, Байзакова, Абай және Желтоқсан көшелерінен «қалалық айналым» өтіп, «Алматы Арена» маңында мәреге жетеді. Екінші кезеңінді  спортшылар «Халық Арена» ғимаратының маңында бастап, «ВОАД-Әл-Фараби»,  Тұңғыш Президент саябағы бойымен жалғасады. Ал «Медеуде» веложарыс бағыты аяқталады.

UCI регламентіне сәйкес, халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарысқа кәсіби командалар, континентальдық, проконтинентальдық командалар, сондай-ақ, ұлттық құрама командалары қатыса алады.

Қазақстандық кәсіби команда «Astana Pro Team» дәстүр бойынша «Алматы турға» қатысады. Ал жалпы қатысушылар тізімі кейінірек белгілі болады.

Айтулы дода Eurosport телеарнасында көрсетіледі, сондай-ақ, жарыс мәресін және марапаттау рәсімін тікелей эфирде осы арнадан тамашалай аласыздар.

Сонымен қатар, негізгі жарыс бөлімінен бөлек, командаларды салтанатты түрде таныстыру рәсімі және кәсіби веложарыстың ресми баспасөз мәслихаты  ұйымдастырылады. Өз кезегінде, «Алматы турдың» салтанатты жабылу рәсімі «Медеу» спорттық кешенінің сахнасында өтеді.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий