Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / ГОЛОВКИН — КАНЕЛО ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БИЛЕТТЕРІ 400,000 ТЕҢГЕ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ БИЛЕТТЕРІ 400,000 ТЕҢГЕ

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің VIP билеті қанша тұрады? Жерлесіміз айқас алаңына кіру мүмкіндіктерін твиттердегі парақшасында жазды.

Онда «Головкин командасынан, менің достарым және Life in Motion Group-тағы серіктестерімнен өзіңнің VIP-билетіңді ал» делінген. Life in Motion Group компаниясының Головкин командасымен жұмыс істеп келе жатқанынан бес жыл болды.

Ол GGG айқастарына VIP-рұқсаттама ұйымдастырумен айналысады. Бір адамға арналған ең арзан VIP-билеттің бағасы 1250 доллар. Ол теңгеге шаққанда 416 260 теңге. Ал ең қымбаты 7 490 доллар тұрады.

Теңгемен 2 жарым миллион теңгеге жете қабыл. Бұл қымбат билетке ең жақсы орындар, GGG командасы тоқтайтын қонақүйден орын, әуежайға және әуежайдан трансферлер, GGG-ден фирмалық сыйлық жиынтығы және қолтаңба қойылған эксклюзивті қолғаптар кіреді.

Жерлесіміз Головкин мен мексикалық Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУГЕ АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАР ҚАТЫСАДЫ

Қыркүйек айының 10-ы күні алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған велошеру өтеді. …