Басты бет / Велоспорт / НИБАЛИ «АСТАНАДАН» КЕТТІ

НИБАЛИ «АСТАНАДАН» КЕТТІ

«Астана» велокомандасының  капитаны Винченцо Нибали «BahrainMerida» құрамына ауыспақшы.

Винченцо Нибали қазақстандық командадан  маусым аяқталысымен кетеді. Италиялық бірнеше Гранд-турдың жеңімпазы жаңадан ашылған Bahrain-Merida командасына ауысатынын мәлімдеді. 31 жастағы шабандоз бехрейндік команданың лидері атанбақ.

— Мен  үшін жұмыс жасайтын команда құрылғанына қуаныштымын. Бірінші күннен бастап ортақ келісімге келетінімізге сенімдімін. Себебі, біздің мақсатымыз бар және соған жету үшін үздік кәсіпқойлар да жетерлік. Мен Bahrain Merida командасының намысын қорғап, команда басшылығының үміт ақтайтын күнді асыға күтемін, — деп Винченцо Нибали

Естеріңізге сала кетейік, Винченцо Нибали Мессин бұғазының маңында дүниеге келгендіктен оны Бұғаз акуласы немесе жай ғана Акула деген лақап аттарымен атайды. 2010 жылы ол Испания Вуэльтасының жеңімпазы атанды, ал 2013 және 2016 жылдары Джиро д’Италия велокөпкүндігінде жеңіске жетті.

 

 

Сондай-ақ

ҚҰЛЫБАЕВ СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

  Азия Олимпиада Кеңесінің вице-президенті, Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур …