Басты бет / Бокс / ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИННІҢ ОСАЛ ТҰСТАРЫ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИННІҢ ОСАЛ ТҰСТАРЫ

 

Sky Sports News HQ порталына берген сұқпатында Британдық боксшы Джеймс Дигейл Геннадий Головкиннің осал тұстарын айтты.

«Қиын болары сөзсіз, бірақ менде фантасика болса да үлкен мүмкіндік бар. Геннадий орта салмақта ірілеу емес. Егер де ол салмағын көтерсе менің басымдылығым бірден жоғары болады. Себебі менің денем ірі. Головкиннің бокс шеберлігі өте жоғары. Әрине Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионының шеберлігінде күмән болмау керек. Бірақ мен оның осал тұсын 100 пайыз білемін. Жекпе-жек өткізсек жеңіске жететініме сенімдімін, -деді  Джеймс Дигейл.

«Егер де Головкин жеңген боксшылар тізімін қарасаңыз ол жерде мен жеңбеген ешкім жоқ. Оның азулы қарсыластары болған емес. Ол Котто немесе Канело секілді боксшылармен жұдырықтасып көрді ме? Шынайы түрде ол ешкімді ұтқан жоқ. Ия, жақсы боксшы, әуесқойда да жақсы болды. Құдайдың атымен ант етейін, мен онымен шығуға дайынмын»,- деген болатын Boxingnewsonline.net порталына берген сұқпаттарының бірінде.

Естеріңізге сала кетейік, Джеймс Дигейл кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. Тек  Джорджу Грувсудан 2011 жылы ұпай санымен жеңілген. Пекин Олимпиадасының чемпионы.

 

Сондай-ақ

ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті бұқаралық спортты дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық алаңдар тұрғызуды қолға алғанын …