Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / РҮСТЕМ СЫБАЙ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

РҮСТЕМ СЫБАЙ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындары жалғасуда. Бүгін әлемнің доданың алтыншы күні.

Қазақстандық зілтемірші Рүстем Сыбай жазғы универсиаданың күміс жүлдегері атанды. 94 келі салмақта Литвалық Олимпиада ойындарының жүлдегері А. Дизбалис фаборит саналған болатын.

Жұлқа көтеру жаттығуында 175 келіні еңсерген Дизвалис өзінің оң жаңбасына келетін жаттығуда ең үздік нәтиже көрсетті. Тағы бір Литва ауыр атлеті Станулис 170 келіні бағындырса, дәл осындай келімен отандасымыз Рүстем Сыбай үшінші орыннан көрінді.

Серпе көтеру жаттығуында бәрі басқаша өтті. Көшбасшы қос Литва елінің спортшылары төртінші және бесінші орындарды қанағат тұтты. Рүстемнің алдын Ресейлік Егор Климинов орап кетті. Серпе көтеруде 215 келіні бағындырған ол жалпы есепте жеңіске жетіп қана қоймай, Универсиада рекордын жаңартты. Рүстем 212 келімен жалпы есепте бір келі қалып қойды — 382 кг. Үшінші орында Тайланд елінің ауыр атлеті.

Айта кету керек, Бұл Қазақстанның қоржынындағы 3-ші күміс жəне 11-ші медаль.

Сондай-ақ

ҚУАТ ХАМИТОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАРАША АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА ӨТЕДІ

Қуат Хамитов Алматыда Конор МакГрегордың спарринг-серіктесімен жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. 26-шы қарашада «Алматы-Аренада» ғаламат шоу …