Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ШЫМКЕНТТЕ КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Елімізде «Конфедерация Кубогы 2017» додасының іріктеу кезеңі өтуде. Бүгін Шымкент қаласында ОҚО, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Астана қаласы арасындағы «С» тобының бәсекелері өтті.

Таеквондо спорты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей, жартылай финалдық бәсекелерге жолдама алды.

Дзюдо күресінен Ақтөбелік балуандардың мерейі үстем болды. Еркін күрестен де Ақтөбелік балуандар мықтылығын дәлелдеді.

Ал грек-рим күресі қызыққа толы өтті. Себебі барлық құрамада да елімізге белгілі, әрі тәжірбиелі балуандар бар еді. Жарыс қожайындары өз жерлерінде намысқа тырысып, келесі кезеңге шықты.

«Конфедерация Кубогы» осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ауқымды доданың жартылай финалдық және финалдық сайыстары 2-3 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді.

 

 

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …