Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының студенттері арасында волейболдан жарыс өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.

Бұл жарыс №146-ші жалпы білім беру мектебінде 17 ұлдар және қыздар командалары арасында ұйымдастырылды.

Қыздар арасында өткен қызықты әрі тартысты болған кездесулердің нәтижесінде бірінші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орындарды Сүлейман Демирел атындағы университеті және Алматы Энергетика және Байланыс институты иеленді.

Ұлдар арасында өткен ойындар да тартысқа толы болды. Шекара қызметі ҚР ҰҚК студенттері финалдық ойында Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ волейболшыларды жеңіп, бірінші орынды иеленсе, кола жүлдені Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ұтып алды.

Бұл Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараның басты мақсаты ойынымен қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жастар арасындағы үздік ұжымды анықтап, олардың арасындағы қарым-қатынасты арттыру болып табылды.

«Спорттық Алматы» бағдаламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Айта кетер жайт, бұл бағдарламаның аясында ЖОО студенттері арасында жеңіл атлетика, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ және баскетбол спорт түрлерінен осы жылдың басында жарыстар өткен болатын.

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «САМПДОРИЯНЫ» ҰТЫП ИТАЛИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Италия біріншілігінің 10-шы кезеңінде «Интер» өз алаңында «Сампдориямен» кездескен еді. Тартысқа толы өткен ойында «Интер» …