Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ГОЛЬФ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазанның 26-і күні, «Нұртау» гольф-клубында гольфтан 6-13 жас аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогінің соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бұл жарысқа жаңа бағдарлама бойынша тегін үйреніп жүрген балалар қатыса алады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады.

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жас аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 өтеді.

Аталмыш кубок сағат 10:00-де «Нұртау» гольф-клубының маңында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдармен марапатталады. Айта кетер жайт, финалдық кезең қазанның 11-і күні өткен болатын.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …