Басты бет / Кәсіпқой бокс / ҚАНАТ ИСЛАМ WBO РЕЙТИНГІНДЕ ҮШІНШІ ОРЫНДА

ҚАНАТ ИСЛАМ WBO РЕЙТИНГІНДЕ ҮШІНШІ ОРЫНДА

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде үшінші орнын сақтап тұр.

Бүгін WBO кеңесі өзінің ресми сайтында жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімде отандасымыз Қанат Ислам үшінші орында тұр.

Ал, WBO International белбеуінің иегері, ресейлік Магомед Гурбанов бірінші орынға орналасқан. Екінші орында британиялық боксшы Лиам Уильямс жайғасқан.

WBA рейтингі бойынша Қанат Ислам екінші орында тұрса, IDF рейтингінде үшінші, ал The Ring журналының тізімінде оныншы орынға жайғасқан.

Еске салайық, бұған дейін аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының тілшісі Хави Толедо Қанат Исламды бірінші орта салмақтағы WBA белбеуіне басты үміткер деген болатын.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …