Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ ЖӘНЕ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ ЖӘНЕ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

 

Шілденің 28-і мен 30-ы  аралығында  «Шымбұлақ» тау-шаңғы  курортында халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді.

Халықаралық фестиваль  форуммен басталады. Аталмыш шарада Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері  алып шаһардағы  тау шаңғы туризмінің   даму жоспарымен бөліссе, «ТВЭЛ-курорт» компаниясының бас директоры, фритсайлдан Санкт-Петербург Федерациясының вице-президенті,Сочи Олимпиадасының кеңесшісі Виктор Тимаков тау-шаңғы курорттарының салу мәселелерін  және спорттық жарыстарды өткізу сұрақтарына тоқталып,  қысқы туризм саласын даму жолдарын талқылайтын болады.

Сонымен қатар, PGI management компаниясының президенті Жоан Вильядомат, Қытай елінің  қысқы спорт түрлері ассоциациясының бас менеджері, Beijing wanda Culture Industry Group компаниясы бас директорының орынбасары Бин Ву, Полтаваски компаниясының директоры Антон Фалтинский және Грузия мемлекетінің  таулы курорттарын дамыту компаниясының  бас директоры Александре Онопришвили өз баяндамаларымен форумға қатысады.

Ал шілденің 29-ы   күні  спорт сүйер қауым «Шымбұлақ» тау- шаңғы курортында  музыкалық-спорт марафоны, құзға өрмелеу жарысы, Медеу мұзайдынында кроссфит және воркаут жарыстарына қатысуға мүмкіндік алады. Ал   шілде 30-ы  қала тұрғындары мен қонақтары  «Жастар шыңына шығу» Альпиниадасын бағындыруға болады.

Осы шараның аясында «Team-bulding» фестивалі, балалар мен жасөпірімдердің қатысуымен «Спорт менің ауламда», «Спорттық Алматы» және құзға шығудан өзге де халықаралық жарыстар үш жас ерекшеліктеріне сәйкес: «Жастар  мен Ересектер», «Балалар» және «Жасөспірімдер» өткізіледі. Сонымен қатар, паркур, воркаут және кроссфиттен ашық чемпионаттар мен Алматы қаласының кубогы ұйымдастырылады.

Айта кетсек, фестиваль қонақтарын концерттік бағдарлама, флеш-моб, таулы бөктерінде жанды дауыста орындалатын әсем әуендерді тыңдап, ұлттық сусындардың дәмін татып мерекелік шарадан ләзззат алуға шақырады.Сондай-ақ, ауқымды спорттық жарыс аясында 13-17 жастар аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді  таулы туризмнен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Халықаралық фестиваль  Алматы қаласының имиджін, тартымды орталығын, халықаралық және отандық спорт туризмін нығайту және одан әрі дамыту, таулы спорт түрлерін насихаттау мен елге таныту, белсенді тынығуды насихаттау мақсатында өткізіледі.

Аталмыш шаранының ұйымдастырушылары:  Алматы қаласы әкімдігі және Шымбұлақ тау шаңғы курорты.

Халықаралық тау және спорт фестивалінің бағдарламасы:

28 шілде

-Халықаралық тау форумы

29 шілде

— Музыкалық-спорт марафоны («Шымбұлақ» ТШ)

— Құзға өрмелеу жарысы (Алматы аңғарының орман шаруашылығы)

— Кроссфит және Воркаут жарысы («Медеу»)

30 шілде

-Жастар шыңына шығу Альпиниадасы («Шымбұлақ» ТШ)

-Жанұя күні («Шымбұлақ» ТШ)

Сондай-ақ

ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВҚА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Германия және Қытай мемлекеттерінде өткен Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлерімен кездесті. …