Басты бет / Әлем / ТАНЫМАЛ БОКС ТӨРЕШІСІ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

ТАНЫМАЛ БОКС ТӨРЕШІСІ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Танымал канадалық әрі ямайкалық рефери Марлон Райт 51 жасында дүниеден озды.
Райт соңғы күндерін ауруханада отбасымен бірге өткізді. 2014 жылы дәрігерлер Райттан меланома (тері обыры) ауруын тапқан, алайда жекпе-жектерде төрелік етуге ауыр ауру оғн кедергі бола алмаған. Соңғы рет ол ақпанда Квебек қаласында өткізген.

Ямайкада туылған Райт Канадаға көшіп, екі елдің де азаматы болған. Әуесқой бокста ол 57 рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген. 1983-1992 жылдары кәсіпқой бокста өз бағын сынаған Райт 11 жекпе-жек өткізген. Барлығы да Квебек қаласында өткен, он кездесуде жеңіске жетіп үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бір рет жеңіліс тапқан.

Төреші ретінде ол 11 жекпе-жекті атқарған, Рефери ретінде Солтүстік Америкада, Еуропада және Азияда 330 кездесуге қатысқан. 2016 жылы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Брук арасындағы жекпе-жекті осы Марлон Райт рефери болған еді. ОЛ кезде Бруктың бапкерлері шаршы алаңға сүлгі тастаған болатын.

YouTube1:28

Сондай-ақ

«ЮВЕНТУС» ОН ОЙЫНШЫМЕН «УДИНЕЗЕНІ» ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Италия біріншілігінің 9-шы кезеңінде өткен «Удинезе» мен «Ювентус» арасындағы ойында, төреші «Ювентус» командасының шабуылшысы Марио …