Басты бет / Әлем / КИЛИАН МБАППЕ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

КИЛИАН МБАППЕ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Париждік «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе италиялық Tuttosport басылымының жылдың ең үздік жас футболшысына берілетін «Golden Boy» атағын жеңіп алды.

Еуропаның ең беделді журналистерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, франциялық шабуылшы Габриэль Жезус («Манчестер Сити») және Усман Дембелені («Барселона») басып озды.

Еске салайық, 2016 жылы бұл атақты «Бавариядан» «Суонси» клубына жалға берілген португалиялық жартылай қорғауы Ренату Саншеш жеңіп алған болатын.

Биылғы маусымда 18 жастағы Мбаппе 11 ресми кездесуге қатысып, төрт гол және төрт нәтижелі пас берді. Ал өткен жылы ол «Монако» сапында өнер көрсетіп, 44 ойында 26 гол соқты.

Айта кетейік, Мбаппе «ПСЖ» сапына биылғы жылдың жазында жалға ауысып келген еді. Енді келердің жылдың жазында париждік клуб 180 миллион еуроға сатып алуға міндетті.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС ЛУИС АРИАСТЫ ЖЕҢДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен алғаш рет 12 раунд бойы жұдырықтасқан америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс …

Добавить комментарий