Басты бет / Әлем / ТРАНСФЕР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ. ПАЙЕТ «МАРСЕЛЬГЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

ТРАНСФЕР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ. ПАЙЕТ «МАРСЕЛЬГЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

Құрметті оқырмандар, «Додаспорт» порталы ұзақ уақыт үзілістен кейін Еуропа футболының қызықтарымен бөлісуді жалғастырмақ. Алдағы уақытта біздің порталдан кәрі құрлықтағы футбол біріншіліктерінің әр турынан қорытынды материал оқи аласыздар. Сондай-ақ, қысқы трансфердің қызығын да бөлісіп отырамыз. 

Джон Оби Микел

Daily Mail агенттігінің хабарлауынша, «Челси» футбол клубының ойыншысы Джон Оби Микел алдағы уақытта испаниялық «Валенсия» сапына ауысады. Лондондық команда сапында 10 жылға жуық ойнаған нигериялық футболшының биыл жазда келісім-шарты аяқталады. Ал «Челси» жаттықтырушысы Антонио Конте футболшыны биылғы маусымда бірде бір рет алаңға шығармады. Футболшының өзі де команда оған байланысты шешім шығармаса басқа командаға ауысатынын жеткізген.

«Марсель» Пайетті қайтарып алғысы келеді. Француз басылымдарының хабарлауынша, «Марсель» «Вест Хэмге» 40 миллионов евро төлемекші. Бірақ, лондондықтар лидер футболшысымен қоштасқысы келмейтінін жеткізді. Биылғы маусымда Дмитри Пайет 17 матчқа қатысып, екі гол соғып, 9 нәтижелі пас шығарған.

Картинки по запросу димитри пайе

«Ливерпуль» 26 миллионов евроға «Бенфикадан» Рауля Хименесті алғысы келеді, деп хабарлайды Squawka. Клопп қазірдің өзінде Старридждің ізін басатын шабуылшы іздеп жатыр. Хименес биылғы маусымда 18 ойынға қатысып, 8 гол соққан.

Қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» 28 млн евроға  «Ювентустан» Манджукичті алғысы келген. Алайда туриндік команда негізгі шабуылшыларын бергісі келмейтінін айтты. Football Italia-ның хабарлауынша, хорватиялық футболшы Қытайда жылына 7.5 миллион евро алады.

Бельгия ұлттық құрамасының футболшысы Аксель Витсель «Зениттен» қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасына ауысып кетті. Футболшы Қытайда жылына 25 миллион евро табыс табады. Дегенмен футболшыға туриндік «Ювентус» қызығушылық танытқан, алайда футболшы оларға «мұндай келісім-шарттан ешкім бас тартпайды, сіздерге Чемпиондар лигасын жеңіп алуларыңызға тілектеспін» деп жауап берген. Футболшының қытайлық командаға ауысуына Бельгия құрамасының жаттықтырушылары да наразылық білдірген, дегенмен футболшы жоғары суммадағы жалақыны таңдады.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, хорватиялық футболшы «Барселона» сапына ауысады. Дегенмен, 34 жасар футболшы жалақысының азайғанын қаламайды («Барса» оған Украинадағы жалақысынан аз төлемекші). Срнаның өзі «Камп Ноуда» ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. «Барселона» дәл қазір оң қапталдағы қорғаушыға мұқтаж болып жүр.

Сондай-ақ

«РЕАЛ» ИСПАНИЯ КУБОГІНДЕ «ФУЭНЛАБРАДАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания кубогі 1/16 финалының бірінші ойынында, «Реал Мадрид» «Фуэнлабраданың» қақпасына екі гол соғып жеңіске жетті. …