Басты бет / Әлем / КЕЙН «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» БОЛАТЫН ОЙЫНҒА ҚАТЫСПАЙДЫ

КЕЙН «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» БОЛАТЫН ОЙЫНҒА ҚАТЫСПАЙДЫ

Ағылшын Премьер-лигасының оныншы кезеңінің орталық ойынында «Манчестер Юнайтед» – «Тоттенхэммен» кездеседі. «Тоттенхэм» клубы Харри Кейннің ойынға қатыспайтынын ресми хабарлады.

Лондондық клубтың және Премьер-лиганың (8 гол) үздік шабуылшысы, «Ливерпуль» командасына қарсы ойында алған жарақатынан, ертең 28-ші қазан күні «Олд Траффорд» стадионында болатын ойынға қатыса алмайды.

Маурисио Почеттиноның командасы үшін Кейн өте маңызды ойыншы. Себебі, OPTA келтірген көрсеткіштер бойынша аргентиналық «Тоттенхэмге» бапкерлік еткелі бері, Харри 83 гол соққан — бұл, команданың басқа ойыншыларына қарағанда 52-ге көп.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда волейболдан қыздар арасында қала біріншілігінің финалы өтті. Алып шаһардың үздік ойыншылары жүлделі орындарды сарапқа …