Басты бет / Басқа түрлер / АҒАЙЫНДЫ ЕМЕЛЬЯНОВТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АҒАЙЫНДЫ ЕМЕЛЬЯНОВТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

 

Ескек есушілеріміз Сергей мен Тимофей Емельяновтар әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Беларуссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында ескек есу спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әдеттегідей бұл әлем біріншілігінде ағайынды Емельяновтарға аса назар аударғанымыз рас. Себебі бұл екілік жұп әлем біріншілігінің алтынын алу үшін Олимпиада ойындарына аса мәне берген жоқ. Ұлттық құрама бапкерлері жастарымызды жыл басынан осы додаға дайындаған болатын.

1000 метрлік қашықтықта Сергей мен Тимофей Емельяновтар қарсыластарынан бірінші минутта-ақ озып, мәреге дейін ешкімді алдарына шығармады. Екінші орынды Румын спортшылары, үшінші орынды Германиялық спортшылар иеленді.

Сондай-ақ

«РЕАЛ» ИСПАНИЯ КУБОГІНДЕ «ФУЭНЛАБРАДАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания кубогі 1/16 финалының бірінші ойынында, «Реал Мадрид» «Фуэнлабраданың» қақпасына екі гол соғып жеңіске жетті. …