Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / САДАҚ АТУШЫЛАРДЫҢ АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

САДАҚ АТУШЫЛАРДЫҢ АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Наурыз айында Бангконг қаласында садақ атудан Рейтингтік ашық Азия кубогы өтті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Сұлтан Дүзелбаев, Санжар Мұсаев және Денис Галкин) қола жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Тайланд құрамасы еншілесе, екінші орында Ресейліктер.

Командалық аралас сайыста Қазақстандық жұп Денис Галкин мен Фарида Тукебаев күміс жүлдеге қол жеткізді. 17 құрама қатысқан сайыста Тайпей мемлекетінің өкілдері бірінші орынды жеңіп алды. Одан бөлек ерлер арасында өткен классикалық садақ атуда Сұлтан Дүзелбаев жүлдеге сәл жетпей, 57 мергеннің арасынан төртінші орынды еншіледі. Фарида Тукебаева болса бесінші орыннан тоқтады.

«Жалпы Азияның ашық біріншілігіне Ресей, Малайзия, Тайпей мемлекеттері бірінші номерлі мықты спортшыларымен келіпті», — дейді құрама мүшесі Сұлтан Дүзелбаев.

«Негізі мақсатымыз командалық есепте бірінші орын алу болған. Өкінішке орай қола медаль алып қалдық. Жекелей сайыста да жүлдеге сәл жетпей қалдым. Алдағы сайыстарда жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Биылғы Азияның ашық біріншілігіне осал спортшылар келмеген».

Сайыстар классикалық садақ ату және компаунд түрлері бойынша өтті. Классикалық садақ ату Олимпиада ойындарының қатарында болған соң бәсекелестік те жоғары. Қазақстандық садақ атушылар додалардың көбінде үздік бестіктің қатарынан көрініп жүр. Рио Олимпиадасының қатысушысы Сұлтан Дүзелбаев келесі Токио Олимпиадасында топ мжаруды көздеп отыр.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий