Басты бет / Әлем / МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы мүмкін командалар жайлы өз пікірін айтты.

TyC Sports басылымының хабарлауынша, Месси — Бразилия, Германия, Испания және Франция құрамаларының футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігінде жеңіске жетуге мүмкіндіктері мол, деп сұхбат берген.

«Испания өте күрделі қарсылас. Ал әлем біріншілігінде жеңіске жетуге мүмкіндіктері бар құрамаларға келер болсақ, бұлар — Испания, Бразилия, Германия және Франция құрамалары. Барлық құрама әлем біріншілігін ұтқысы келеді», — деді Месси. Еске сала кетсек, футболдан кезекті әлем біріншілігі 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында 11 қалада: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи және Екатеринбургте өтеді.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий