Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

1-3 желтоқсан аралығында Атырау қаласында Ұлттық спорт жекпе-жектен тұңғыш әлем чемпионаты өтті. Бұрын бізде не бар дегенде көкпар мен қазақ күресін айтатын едік. Енді мінекей жекпе-жекті өзіміздің төл ұрыс өнеріміз ретінде сенімді түрде айта аламыз. Бұған дәлел Атырауда өткен әлем чемпионаты.

Сегіз елден келген 100-ден астам спортшы сезіз бұрышта бақ сынады. Моңғолия, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдер қазақ жекпе-жегін мойындап келіп отыр.

Үш күнге созылған әлем чемпионатында кіл мықты спортшылар жиналған. Олардың дені ММА, панкратион, қоян қолтық ұрыс секілді спорт түрлерінен Еуропа мен Азияның, қала берді әлемнің чемпиондары атанып үлгерген.

Өз кезегінде жарыс ұйымдастырушылары тұңғыш әлем чемпионатын есте қалатындай етіп өкізді. Атырау спорт кешені көне заманғы қазақ хандығын еске түсіреді. Спортшылар қос батырдың сүймелдеуімен үлкен қамалдың есігінен шығып, ертедегі батырлар жырын еріксіз көз алдыңа келтіреді.

Әрине, өз төл спортымыз болғандықтан қазақ спортшылары сегіз бұрыш бәсекесінде алдына жан салмай, сегіз салмақта жеңіске жетті. Өзбекстан мен Ресей спортшыларына бір-бір алтыннан бұйырды. Әлем чемпионатының ұйымдастырушыларының бірі Мадихан Бекбенбетов жарыстың жүлде қоры қомақты болғанын айтады. Жеңімпазға 2000 АҚШ доллары, екінші орынға 1000, үшінші орынға 500 АҚШ доллары табысталды. Жалпы жарыстың жүлде қоры 40,000 АҚШ долларын құрап отыр.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 8 қола медальмен бірінші орын алды.

  1. Қазақстан 8 — 1 — 8
  2. Ресей 1 — 2 — 3
  3. Өзбекстан 1 — 1 — 4
  4. Қырғызстан 0 — 5 — 1
  5. Грузия 0 — 1 — 1
  6. Әзірбайжан, Тәжікстан, Моңғолия 0 — 0 — 1

Ұлттық спорт жекпе-жектен тұңғыш әлем чемпионатыынң жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Атырау 2017 жыл.

53 кг:

1 орын Жұмағали Бағдат (Қазақстан)

2 орын — Шарипов Актилек (Қырғызстан)

3 орын — Темірбаев Әліби (Қазақстан), Жураев Миржалел (Өзбекстан)

57 кг:

1 орын — Ашимов Арман (Қазақстан)

2 орын — Джамолдинов Магомед (Ресей)

3 орын — Каримов Джасур (Өзбекстан),  Акаки Хорава (Грузия)

61 кг:

1 орын — Әлмахан Бекзат (Қазақстан)

2 орын — Беко Адамиа (Грузия)

3 орын — Досмағамбетов Қанат (Қазақстан), Захаров Петр (Ресей)

65 кг:

1 орын — Ұлықпанов Мирас (Қазақстан)

2 орын — Газиев Абдулгаджи (Қырғызстан)

3 орын — Төлегенов Мейірбек (Қазақстан),  Игнатев Борис (Ресей)

70 кг:

1 орын — Асханов Илияр (Қазақстан)

2 орын — Мамуров Уран (Қырғызстан)

3 орын — Ходжабаев Серікбай (Қазақстан), Курбанов Руслан (Тәжікстан)

 

75 кг:

1 орын — Ерланұлы Диас (Қазақстан)

2 орын Балтабаев Нұрғазы (Қырғызстан)

3 орын — Теміров Исатай (Қазақстан), Старостин Алейксандр (Ресей)

80 кг:

1 орын Смайлов Асылбек (Қазақстан)

2 орын Гаджимуратов Магомед (Ресей)

3 орын — Конобалов Максим (Қазақстан), Гимбатов Рамазан (Қырғызстан)

85 кг:

1 орын Ермеков Дәурен (Қазақстан)

2 орын Нурматов Бекзод (Өзбекстан)

3 орын — Гозиханов Кодухол (Өзбекстан), Шулон Ерулан (Моңғолия)

90 кг:

1 орын — Хасанов Магомедрасул (Ресей)

2 орын — Аудулазизов Осман (Қырғызстан)

3 орын — Сахватин Ескандер (Өзбекстан), Атабаев Айбек (Қазақстан)

90+ кг:

1 орын — Сайдумаров Рустамхожа (Өзбекстан)

2 орын — Астапов Александр (Қазақстан)

3 орын — Гулиев Саймур (Әзірбайжан) — Шайхенов Манарбек (Қазақстан)

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий