Басты бет / Басқа түрлер / «СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді

2017 жылы Алматыда Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Спорт менің ауламда» жобасын іске қосты. Спорттық бағдарлама арқылы 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар білікті жаттықтырушымен бірге, өздері қалаған спорт түрімен өз аулаларында тегін шұғылдана алады. Қазіргі таңда, қаланың 6 әкімшілік ауданындағы жалпы саны 75 спорт алаңдарында 7500 балалар мен жасөспірімдер шұғылданады. Осы жоба жетекшісі Айжан Чокинаның айтуынша, келесі жылы олардың саны айтарлықтай өседі. Сонымен қатар, ол ақпараттық және спорттық ХАБ тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарлары мен осы жылдың нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

— Біз жұмысты ақпан айынан бастадық. Осы жылы, орташа есеппен айтқанда, бір алаңға 100 ұл мен қыз баласы келген. Ұлттық спорт түрлері клубымен бірлесе отырып, көптеген жарыстарды ұйымдастырдық, әсіресе, жазғы уақытта, ал содан кейін тау фестивалі аясында тимбилдинг те өткен болатын. Медеу шатқалында ТЖМ-ның қатысуымен балаларға арналған «аман қалу мектебін» ұйымдастырғанбыз. Бұл жарыс балаларға өте ұнады. Қазір, жастар арасында тоғызқұмалақ және футбол сынды спорт түрлері өте танымал. Келесі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ең бастысы, жақында «Чемпиондар Лигасы. Спорт менің ауламда» ауқымды жарысы өз мәресіне жетті. Айтулы доданың шешуші кезеңінде 1500 балалар мен жасөспірімдер бақ сынады. Бір жарым айдың ішінде қатысушылар өз аулаларында іріктеу кезеңдерінен өтіп, аудандық жарыстарда финалға іріктелді, — деп атап өтті Айжан Чокина.

Оның айтуынша, бұл жарыс келесі жылы жазда өткізіледі. Сонымен қатар, көптеген спорттық шаралар мен Алматы қаласының сегіз ауданында тағы 75 алаңның іске қосылуы жоспарлануда. Осы жылы жобаға қатысатын балалар арасында аудандық жарыстармен қоса есептегенде жалпы 50 спорттық шара өткізілді.

— Осы жылы біз қаланың шеткі аймақтарын қамтыдық, өйткені, ондағы балаларға қалағакеліп, спорттық үйірмелерге қатысу оңай емес. Әлеуметтік желілерде және сайтта Алмалы және Бостандық аудандарында неге спорттық алаң жоқ деген сұрақтар жиі қойылады. Қазір біз балалар жаттығатын алаңдарды таңдап жатырмыз. Әуезов (17), Жетісу (14) және Алатау (13) аудандарында алаңдар көп. Балалар белсенді түрде жаттығуларға қатысады. Біздің нұсқаушылар балалар мен олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста. Бізде 55 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олар спорт  академиясының  студенттері. Ал кейбіреулері балаларды бірнеше алаңдарда жаттықтырады, — деп бөлістіАйжанЧокина.

Сондай-ақ, ол 2018 жылы спортпен шұғылданатын балалар саны 7500-ке көбееді, яғни, 15 мың адам, барлық қала аудандары қамтылатынын да айта кетті. Осыған байланысты, спорттық шаралар мен нұсқаушылар саны да өседі. Бағдарламамен толығырақ sportvodvor.kz. ресми сайтында таныса аласыздар

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …