Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / АЛМАТЫДА КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдо, бокс, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, қазақ күресі спорт түрлерінен Конфедерация Кубогының ақтық бәсекелері өтті.

Алматы құрамасы таеквондодан Алматы облысының балуандарын тізе бүктірді. Шешуші жекпе-жекте 30 ұпай айырмасымен алматылық таеквондошылар басым түсіп, Конфедерация Кубогының иегері атанды.

— Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бізден басым түскен, алайда осы жылы біз жеңіп, есебімізді қайтардық. Дайындық жақсы өтті, бапркелеріміз бен ұжымдағы ауызбіршіліктің арқасында үздік атандық. Қуанышымызда шек жоқ, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге алғысымызды білдіреміз, — деп әсері Алматы құрамасының таеквондошысы Сержан Бауыржанұлы бөлісті.

Бокстан айқын басымдықпен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары маңғыстаулықтарды жеңіп, Конфедерация кубогының иегері атанса, грек-рим және еркін күрестен Алматы облысының толағайлары жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетсек, осы жылы Алматыда Конфедерация Кубогы екінші рет өтті. Сонымен қатар, осы жылы қазақ күресінің балуандары Конфедерация кубогында алғаш рет жарыс жолына шықты. Осы спорт түрінен ақтық бәсекеде Алматы және Қарағанды облысының құрамалары кездесті. Алматылықтар жақсы нәтиже көрсетіп, қазақ күресінен Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.

Айта кетер жайт, айтулы доданың жүлде қоры 125 млн. теңгені құрайды. Аталып өткен спорт түрлерінен әрбір жеңген командаға ақшалай сыйлық, сондай-ақ, медаль, диплом және кубок табысталды. 

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …

Добавить комментарий