Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / АЛМАТЫДА ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 15 МЫҢ ДОЛЛАРДЫ ҚҰРАҒАН ГРЕППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 15 МЫҢ ДОЛЛАРДЫ ҚҰРАҒАН ГРЕППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Алматыда Arlan Grip аренада грепплингтен Asian Open Championship атты Азия және Океания чемпионаты өз мәресіне жетті.

 

Жарысқа Жапония, Қытай, Ресей, Бразилия, Аргентина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 170-ге жуық спортшылар қатысты. Олар ADCC федерациясының ережесіне сай, кимоносыз (NO GI) күресіп, жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың долларды сарапқа салды.

 

Сонымен қатар, турнирді жеңген спортшылар Азия чемпионы атағына ие болуға мүмкіндік алды. Ал, ақшалай сыйлықтар профи дивизионында жүрген қатысушылардың арасында салмақ бойынша және абсолюттік салмақ дәрежесінде таратылды. Әр салмақтың үздіктері бірінші орын үшін 1200, екінші орынға 500, ал үшінші орынға 300 доллар алса, абсолюттік салмақтың жеңімпазы 5000 долларды қанжығасына байлады. Америка елінің спортшысы Дж.Джексон ақтық бәсекеде алматылық Омар Маннаровты жеңіп, алтынан алқа тақты. Ал 77 келі салмақта жеңіс тұғырынан көрінген Османжан Қасымовта, абсолюттік салмақта АҚШ спортшысына ұтылған болатын.

 

— Өз салмағымда жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Абсолюттік салмақта тәжірибелі спортшы Джексонмен шығып ұтылып қалдым, ол физика жағынан басым болды. Мен осы чемпионатқа дайындалған едім, одан да жақсы өнер көрсетуім керек еді, бірақ осындай нәтиже болды. Осы жеңілісімнен сабақ алдым, өзімнің қателіктерімді түсіндім. Енді ары қарай дайындалып, бразилияилық джиу-джитсудан Еуропа чемпионатына қатысамын, — деді Османжан Қасымов.

 

Айта кетер жайт, турнирде төрешілік еткен білікті мамандардың қатарында қазақстандықтар қатар шет елден келгендер де болды.

 

-Мен Алматыға арнайы Тәжікстанның Ходжан қаласынан келдім. Бұл чемпионаттың деңгейі өте тамаша болды. Маған ұнады. Осындай грепплингтен турнирлер біздің елде енді дамып келе жатыр. Осы жылы облыстық, әуесқой сайыстар өткізген болатынбыз. Ал, бразилиялық джиу-джитсудың деңгейі жақсы, көптеген әлем чемпиондары бар, — деп чемпионаттың төрешісі Джамолиддин Холиков өз ойымен бөлісті.

 

Өз салмағында орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді анықтау. Ол туралы осы шараның ұйымдастырушысы, Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясынң президенті Төлеген Құмаров айтып өтті.

 

-Arlan grip жарысы жыл сайын өтуде және басқа мемлекеттерде өте танымал болып саналады. Жыл бойы көптеген ашық турнирлер өткізіп келеміз, ал бүгінгі жарысқа кілең мықты спортшылар қатысты. Оларға біз барлық жағдай жасадық. Іс-шараларымыз жақсы өту үшін жылдан жылға өзгерістер еңгізіп, көлемін арттырып келеміз. Осының барлығы болашақ жастар үшін жасалуда. Болашақта осы спорт түрімен айналысып, қызығатындардың саны өседі деген сенімдемін, — деп Төлеген Құмаров өз ойын түйіндеді.

 

Жарыстың қортындысымен arlangrip.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

 

 

Сондай-ақ

АСТАНА ЕУРОПА ЛИГАСЫНДАҒЫ ЖОРЫҒЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

  Елордалық «Астана» футбол клубы қазақ футболының тарихын жаңартты. Еуропа Лигасының соңғы турында чехиялық «Славияны» …