Басты бет / Соңғы жаңалықтар / РЕСЕЙ ДЕГЕН ЖАЗУЫ БАР БАС КИІМ КИІП БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

РЕСЕЙ ДЕГЕН ЖАЗУЫ БАР БАС КИІМ КИІП БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев ұлттық құраманың кезекті матчына «Ресей» деген жазуы бар бас киіммен шықты.

Англия құрамасымен өткен кезекті матчқа Жамантаевтың Ресей деген жазуы бар бас киіммен шығуы жанкүйерлерге жақпай қалды. Еліміздің Әнұраны шырқалған кезде де Жамантаев бас киімін шешпеген. Желіде пікір қалдырушылар ұлттық құраманың білдей бас бапкерін бұл қылығы үшін сөгуде. Көпшілігі оны патриоттық сезімнен жұрдай деп те атауда. Ал кейбір қолданушылар бапкердің бұл бас киіммен жүргеніне бірнеше жыл болғанын айтады.

«Қазан айының басында ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Бухарестке «Өзбекстан» деген жазуы бар ұшақпен ұшып барғанда, барлығымыз намыстанып едік. Сөйтсек, ол мұның жанында түк емес екен ғой. Сенім артқан бас бапкеріміз, өз ұлтымыздың өкілі Англияда, төрткіл дүние алдында осылай ұятқа қалдырды. Енді бұған Қазақстан футбол федерациясы не дейді екен?! Бұл ойында ҚФФ өкілдері де болуы тиіс еді ғой.
Әлбетте әрбір құраманың менеджері, әкімшіліктік қызметкері болады. Олар не қараған?!», — деп жазады sportsffa.kz сайты.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий