Басты бет / Бокс / ЕРЖАН ОРДАБАЕВ НАЛЬЧИК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК» АТАНДЫ

ЕРЖАН ОРДАБАЕВ НАЛЬЧИК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК» АТАНДЫ

 

Ресейдің Нальчик қаласында бокстан ашық бүкілресейлік «А» санатындағы турнир мәресіне жетті.

Жылма-жыл дәстүрге айналған Балкар халқының жаңғыру күніне арналған сайыста Атырау облысының боксшылары ел намысын қорғады, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

60 келі салмақта жұдырықтасқан Ержан Ордабаев төрт жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды. Онымен қоса Ержан турнирдің «ең үздік» боксшысы атағына ие болды.

Одан бөлек Амандық Манашев, Рашид Салауатов, Есенаман Шунгарин қола медальдарға ие болады.

 

Сондай-ақ

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. …