Басты бет / Велоспорт / АСЫЛХАН ТҰРАР ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

АСЫЛХАН ТҰРАР ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Үндістанның астанасы Нью – Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында жерлесіміз Асылхан Тұрар алтын жүлдені иеленді!

Ол велоспорттың  омниум  жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста  қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлделер санын толықтырды.

 

Асылхан Тұрар  1997 жылы Қызылордақаласында дүниеге келген. Велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін Қазақстан  жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бапкері: жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов.

Оның алдағы жоспары –қараша айында өтетін Әлем кубогында топ жару.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …