Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӨГЕНШІЛЕР ГЕРМАНИЯ ЕЛІНЕ АТТАНБАҚ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӨГЕНШІЛЕР ГЕРМАНИЯ ЕЛІНЕ АТТАНБАҚ

Қазақстан шөген федерациясы баспасөз-конференциясын өткізіп, «Munich Gold Cup 2017» (Мюнхен, Германия, 25-28 мамыр аралығы) халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайтын «Astana Polo Club» және «Almaty Polo Club» командаларын таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Polo Club» командасы 2016 жылы Аргентинаның Лухан қаласында өткен халықаралық турнирден I орынмен оралған болатын. Сондай-ақ, 2017 жылы Аргентинадағы «Santa Catalina Summer Cup» және «Torneo Summer Polo Match» халықаралық турнирлерде біздің командалар шетелдік шөгеншілерді басып озып, I орыннан көрінді.
Биыл өз елімізде өткен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық додадада — I орын өзімізге бұйырды.

Ал, 2017 жылы Аргентинаның Лухан қаласындағы халықаралық сайыста «Almaty Polo Club» бірінші орынға шығып, ең үздік командалардың қатарына қосылды.

Шөген (поло) ойыны әлемде ерекше танымалдылыққа ие екендігін ескерсек, қазақстандық спортшыларымыз ел абыройын арттырып жүргені анық.

Сондай-ақ

АМЕРИКА АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

Суретте: 80 келі салмақта сынға түсетін Крид Гарник есімді атақты америкалық аударыспақшы осы.  Аударыспақтан ашық …