Басты бет / Без рубрики / ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ ТҰРМАҚ

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ ТҰРМАҚ

19-шы тамыз «Спорт күніне» орай Атырау облысында жекпе-жек түрлерінен өтетін «Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі аясында: Қазақстан əлем таеквондошыларына қарсы!

Иран, Ресей, Марокко, Корея және Армения елдерінің таеквондошылары Қазақстан таеквондошыларына қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстан намысын əлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов бастаған спортшылар қорғайды!

«Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі аясында Атырау облысы таеквондо федерациясы әлемнің ең мықты деген таеквондошыларының басын қосып, командалық жекпе-жек өткізбекші.

58 келі салмақта Атыраулық жас таеквондошы, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері және түрлі Халықаралық турнирлердің жеңімпазы Сағадат Жолдасбаев Ресейлік спортшыға қарсы тұрмақ.

Ресейлік Алексей Рудник өз елінің қола жүлдегері болып табылады. Соңғы рет Атырауда өткен «Қазақстан Опен» турнирінде күміс жүлдегер атанған.

63 келі салмақта тағы бір Атыраулық жас спортшы Бексұлтан Латиф ел намысын қорғайтын болады. Бексұлтан аса ірі жарыстарда жеңіске жетіп үлгермеген. Сондықтан да таеквондо спортының ОТАНЫнан келген спортшыға қарсы тұру оңайға соқпайтыны анық.

Өз кезегінде Корея елінен келген кез-келген спортшыны мықты бәсекелес санау үрдіске айналған. Джоу Мун Хан Атырау төрінде аянып қалмайтыны сөзсіз.

74 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасындағы ең тәжірбиелі таеквондошы, жақында ғана Корея елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов сынға түседі.

Қайраттың қарсыласы да осал емес. Марокка елінің чемпионы Мохаммед Меллоук Халықаралық турнирлерде, Африка біріншіліктерінде атой салып жүрген спортшы. Дегенмен араға тоғыз жыл салып Қазақстанның әлем чемпионатындағы жүлдегері атанған Қайрат Сарымсақов Араб түбегінен келген таеквондошыны тізе бүктіреді деген ойдамыз.

80 келіде Атыраулық тәжірбиелі таеквондошы Үмбет Шәкиев сынға түседі. ҚР спартакиадасының жеңімпазы, жақында ғана Өзбекстанда өткен Президент Кубогының жүлдегері Иран елінің спортшысына қарсы тұрмақ.

Ирандық Абдул Сияр Мухамад өз еліндегі мықты спортшылардың бірі болып табылады. Жалпы қазіргі таңда Иран таеквондосы әлемнің ең үзіктері қатарына еніп үлгергенін ескеріп кеткен жөн.

+87 келі салмақта Еуропа құрлығындағы атақты спортшылардың бірі Армениялық Арман Еремян сынға түспек. Бұл спортшы туралы көп дүниелерді жазуға болады. Армения елінің тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанған. Тұңғыш рет Армения таеквондошылар арасында Олимпида ойындарына жолдама алған. Лондон Олимпиадасында өз елінің жалауын көтеріп шыққан. Универсиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері. 31 жасар таеквондошы әлі күнге дейін Армения елінің таеквондосын өрге сүйреумен келеді. Арменияда таеквондо аты дәл осы атлеттің атымен аталады.

Арман Еремянға 30 жасар Саламат Құрбаниязов қарсы тұрмақ. Қос тәжірбиелі таеквондошылардың арасында бәсеке қызыққа толы болатыны сөзсіз.

Дәл осындай ретпен 19-шы тамыз күні таеквондошылар додасы өтетін болады. Баршаңызды айтулы спорт мерекесіне келіп, спортшыларымызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

Сондай-ақ

АСТАНАДА ГРЭППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Елордадағы «Қазақ батыры» жекпе-жек Академиясында грэпплингтен Азия чемпионаты аясында спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтті. Шараға Қазақстан …

Добавить комментарий