Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

Алматыда қонақ үй қызметкерлері арасында спартакиада өтеді

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында мамырдың 26-сы күні Алматы қаласының қонақ үй қызметкерлері арасында спартакиада өтеді.

Қатысушылар «Арена Спорт Зоовет» спорт кешенінде (ҚазҰАУ) салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортты дамыту, сондай-ақ, қонақ үй мекемелері арасында үздік ұжымдарды анықтау мақсатында жиналады.

Олар спорттың алты түрінен, жеңіл атлетика, шағын футбол, армрестлинг, асық ату, арқан тарту және шахматтан бәстесетін болады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальмен марапатталады.

Еске сала кетсек, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, белсенді тынығуды дәріптеуге бағытталған.

Өткізу орны:ҚазҰАУ футбол алаңы (Зоовет), Абая-28а көшесі, Наурызбай Батырк-сі бұр.к.

Өткізу уақыты: 10:00.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ

РУСЛАН ҚҰРБАНОВ СЕМСЕРЛЕСУ СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Гонконгта семсерлесу спорты бойынша Азия құрлығының чемпионаты өтуде. Ерлер арасындағы жекелей сайыста отандасымыз Рулсан Құрбанов …