Басты бет / Бокс / ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Филиппин елінің Пуэрто-Принсеса қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстандық боксшылар жеңіске жетті.
13 салмақ дәрежесінде боксшылар бақ сынап, Қазақстандықтар 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды.
Финалда 46 келіде Ақылбек Мұхтаров жарыс қожайыны Кеннет Дела Пенаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 60 келіде Бекзат Ерімбет Жапониялық Рейто Тсутсумиден ұытылып қалды.
48 келіде Махмұд Сабырхан Жапониялықты, 52 келіде Бейбарыс Жексен Өзбекстандықты, 54 келіде  Айтжан Әшірхан та Өзбекстандықты, 70 келіде Ерасыл Жақпеков Ирак боксшысын, 75 келіде Қуандық Мақсұт Кореялықты және 80 келіде Сағындық Тоғамбай Үндістандықты жеңді.

Одан бөлек екі боксшымыз 50 келі салмақта Талғат Сырымбетов және +80 келіде Арнұр Ахмеджанов қола жүлде иеленген болатын.

Сондай-ақ

БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ СОНДЕРС ПЕН ЛЕМЬЕНІҢ БОКС КЕШІНДЕ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

Қазақ боксшы Батыр Жүкембаев 16 желтоқсанда Лавал қаласының «Place Bell» аренасында өтетін бокс кешінің андекартында …