Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ТЕННИСШІЛЕР БІРНЕШЕ САТЫҒА ТӨМЕНДЕДІ

ТЕННИСШІЛЕР БІРНЕШЕ САТЫҒА ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстанның теннисшілері өткен аптамен салыстырғанда әлемдік рейтингтегі жағдайларын біраз нашарлатып алды. Өз жанкүйерлерін тек Александр Бублик қана қуантты. 

Осы күнге дейін 48-орынды иеленіп келген әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева WTA рейтингінде төрт сатыға төмендеп, қазіргі кезде 52-орынға табан тіреді. Десек те «ТОП-50» ойыншының қатарына енуге жерлесіміздің тамаша мүмкіндігі бар. Себебі, бұл күндері ол АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің алғашқы айналымында парагвайлық Вероника Ройгты 6:4, 3:6, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезеңде жерлесіміз Ресейдің ең үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 8-сатыда тұрған Светлана Кузнецовамен күш сынасады. Егер Путинцева сол мықтыны ұтатын болса, онда жағдайы жақсарады.

Еліміздің тағы бір мықты ойыншысы, Ярослава Шведова үш сатыға төмендеп, 81-орынды еншілеуде. Жарақатынан айығып, енді ғана бабына кел бастаған Зарина Диас 107-орынды иемденуде.

Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин небары 103-орынды қанағат тұтуда. Есесіне Александр Бубликтің қазіргі қарқыны қуантарлық. Таяуда ғана АҚШ-та аяқталған халықаралық турнирде бас жүлдені олжалаған ол бірден 21 сатыға жоғарлап, бұл күндері 104-орнынды иеленуде.

«ТОП-15» (ерлер): 1. Энди Маррей (Ұлыбритания), 2. Рафаэль Надаль (Испания), 3. Роджер Федерер (Швейцария), 4. Стэн Вавринка (Швейцария), 5. Новак Джокович (Сербия), 6. Марин Чилич (Хорватия), 7. Александр Зверев (Германия), 8. Доминик Тим (Австрия), 9. Кей Нишикори (Жапония), 10. Милош Раонич (Канада), 11. Григор Димитров (Болгария), 12. Жо-Вилфринг Цонга (Франция), 13. Давид Гоффин (Бельгия), 14. Роберто Баутиста Агут (Испания) және 15. Томаш Бердых (Чехия).

«ТОП-15» (әйелдер): 1. Каролина Плишкова (Чехия), 2. Симона Халеп (Румыния), 3. Анжелик Кербер (Германия), 4. Элина Свитолина (Украина), 5. Каролин Возняцки (Дания), 6. Гарбин Мугуруса (Испания), 7. Йоханна Конта (Ұлыбритания), 8. Светлана Кузнецова (Ресей), 9. Винус Уильямс (АҚШ), 10. Агнешка Радваньска (Польша), 11. Доминика Цибулкова (Словакия), 12. Елена Остапенко (Латвия), 13. Кристина Младенович (Франция), 14. Петра Квитова (Чехия) және 15. Серена Уильямс (АҚШ).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН. aikyn.kz

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «САМПДОРИЯНЫ» ҰТЫП ИТАЛИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Италия біріншілігінің 10-шы кезеңінде «Интер» өз алаңында «Сампдориямен» кездескен еді. Тартысқа толы өткен ойында «Интер» …