Осы күнгі архивтер: 17.08.2017

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Акимов Олжас Азатұлы тағайындалды. Олжас Акимов 1980 жылы 8 наурызда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Төретам кентінде дүниеге келген. Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорттық менеджмент», Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңгер», Болашақ университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша …

толық оқу»

ТЕННИСШІЛЕР БІРНЕШЕ САТЫҒА ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстанның теннисшілері өткен аптамен салыстырғанда әлемдік рейтингтегі жағдайларын біраз нашарлатып алды. Өз жанкүйерлерін тек Александр Бублик қана қуантты.  Осы күнге дейін 48-орынды иеленіп келген әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева WTA рейтингінде төрт сатыға төмендеп, қазіргі кезде 52-орынға табан тіреді. Десек те «ТОП-50» ойыншының қатарына енуге жерлесіміздің тамаша мүмкіндігі …

толық оқу»

ШЕТЕЛДЕГІ ШИРЕК ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ АУДАРЫСПАҚ

17 тамызда басталатын Аударыспақтан халықаралық ашық турнирде 9 мемлекеттің балуандары бақ сынайды. Қазіргі кезде 6 мемлекеттің командасы Астанаға келіп жетті. Кеше америкалық аударыспақшылардың келгенін хабарлағанбыз. Бүгін Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан және Мажарстан балуандары Елорда топырағына табан тигізді. Осы орайда, жанкүйерлеріміз жүзтаныс бола берсін деген оймен қолымызда бар шетелдік балуандар мәліметтерін …

толық оқу»

АМЕРИКА АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

Суретте: 80 келі салмақта сынға түсетін Крид Гарник есімді атақты америкалық аударыспақшы осы.  Аударыспақтан ашық халықаралық турнир мен Көкпардан І Әлем  чемпионатына қатысу үшін АҚШ-тан көкпар мен аударыспақ құрама командаларының кеше Астанаға келіп жеткенін хабарлаған болатынбыз. Америкалық ковбойлар қазір Астанадағы оқу-жаттығу жиынына кірісіп кетті. Біз бүгін оқырманымызға 17-18 тамызда өтетін …

толық оқу»

«БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Барыс» хоккей клубы Омбыдағы Виктор Блиновты еске алуға арналған жарысты жеңіспен бастады. Елордалық ұжым бірінші ойында ресейлік «Юграны» 4:2 есебімен ұтты. Ойында бірінші шайбаны 10 минутта Владимир Маркелов соқты. Ал екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері қарсыластар қақпасына тағы үш шайба тоғытты. Найджел Доус, Дмитрий Шевченко мен Мартен Сен-Пьер мергендігімен көзге түсті. …

толық оқу»

СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ГОЛОВКИН КЕЗДЕСУЛЕРІНЕ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

Азия бокс конфедерациясының басшысы, қазақ боксының тарихында өзіндік дара жолы бар Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне болжамын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат. Қонақбаевтың айтуынша, 22-30 қыркүйек күндері Гамбургте өтетін бокстан әлем чемпионаты қызықты өтеді. Сайысқа тек лицензия жеңіп алғандар ғана қатысады. Сондықтан бокс тартысты болмақ. «Қазіргі бокс деңгейі …

толық оқу»

«АСТАНА» «СЕЛТИКТЕН» 5:0 ЕСЕБІМЕН ҰТЫЛДЫ

Тамыздың 16-сынан 17-іне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» ФК сырт алаңда глазголық «Селтик» клубына қарсы кездесу өткізген болатын. Матч 5:0 есебімен Шотландияның 48 дүркін чемпионы пайдасына аяқталды. Голдар: Евгений Постников (32′, автогол), Скотт Синклэр (42′, 60′), Джеймс Форрест (79′), Ли Гриффитс (88′). Қарымта матч 22 тамыз …

толық оқу»

АСТАНАДА ГРЭППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Елордадағы «Қазақ батыры» жекпе-жек Академиясында грэпплингтен Азия чемпионаты аясында спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Бүгінгі таңда жарысты ұйымдастырушылар Әлемнің 30 елінде жұмыс істейтін грэпплинг федерациялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Пәкістан мемлекеттері жарысқа қатысатындықтарын растады. Естеріңізге салайық, грэпплингтен …

толық оқу»

ҚЫТАЙДА ӘДІЛЕТСІЗ ЖЕҢІЛГЕН ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ШУ ШЫҒАРДЫ

Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті. Ерлер арасындағы 75 кг салмақта Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаң және Шыңжаң автономиялық өлкесінің боксшысы, ұлты қазақ Тоқтарбек Таңлатханұлы қолғап түйістірді, деп хабарлайды 24 арна. Ақтық бәсекені Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-5 …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ӨТКЕН УНИВЕРСИАДА ТАРИХАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

FISU ұйымының мамандар кеңесі Алматыда өткен Қысқы Универсиаданы студенттер арасында өткен халықаралық жарыстардың тарихындағы ең үздігі деп таныды. Бұл туралы ұйымның баспасөз баянынан белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық студенттік спорт қауымдастығының (FISU) атқарушы комитетінің отырысында сарапшылар кеңесінің Алматыда өткен Универсиада бойынша қорытынды есебі ұсынылды. Отырыс кезінде кеңестің …

толық оқу»