Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / ДЕМЕУ ЖАДРАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ДЕМЕУ ЖАДРАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Парижде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Алғашқы болып жарыс жолына шыққан грек-рим күресі шеберлері төрт салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды

Демеу Жадраев 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен күміс жүлде иеленді. Ол финалда неміс балуаны Франк Штеблерден жеңіліп қалды.

Бұл салмақта қоланы ирандық Мұхаммедали Гераеи мен ресейлік Адам Кураку иеленді.

Өзге балуандарымыз жайында айтар болсақ, Мақсат Ережепов (75 келі) пен Ерұлан Ысқақов (98 келі) алғашқы айналымдарда Сербия спортшыларына ұтылса, Азамат Құстыбаев ширек финалда ресейлік Давид Чакветадзеден жеңілді.

Еске салсақ, күрес түрлерінен әлем чемпионаты Франция астанасы Парижде өтіп жатыр. Демеу Жадраев 2011 жылы Алмас Кебіспаевтан кейін әлем чемпионатының финалына шыққан екінші балуан.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …